«Не көрсең де тірлікте, сыйласқан жақсы бірлікте» демекші, мақаланың басты кейіпкері – тәлімі терең, жаны нұрлы азамат Айбын Төрехановпен ұзақ жылдардан бері аралас-құралас болып келеміз. Екеуміздің таныстығымыз сонау тоқсаныншы жылдардан басталады.
Ілімшіл жан
934
оқылды

Біздің алғашқы таныстығымыз сонау 1990 жылдардағы Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу инс­­титутының (ВИЖ) аспирантура ке­зеңінен бастау алады. Сол кездің өзін­де Айбын құрдасым ВИЖ-дегі ас­­пи­ранттар ортасында өзінің жүріс-тұ­рысымен, білімімен ерекшеленіп тұ­ра­тын. Отызға толмаған жігіттік ша­­­­­­ғы­ның өзінде білгенін, көңілге то­қы­ға­нын  айтып, ғылымның озығы жай­лы ой­ларымен бөлісіп, жайдары көңілмен бек рахаттанып әңгіме ай­та­тын. Кейде, ге­нетикалық үрдістер жайында Жанұзақ Әкім мен Өтебай Би­сенов бас қос­қан отырыстарда таң­ға дейін пікір­та­лас жасап, ертесі жұ­мысқа кете бере­тін. Ғылыми жұ­мы­сы сүтті сиырдың био­логиялық әлеуетіне бай­ланысты бол­ғандықтан, таңғы сауым­ға ерте кете­тін де, кешкі сауым­ды аяқтап кеш ке­летін. Аз ұйықтап, көп еңбектенсе де, әсте шаршадым деге­нін естіген емеспін. 

Айбын кейіннен Ауыл шаруа­шы­лы­ғы министрлігіне ауысып ке­ліп, мем­­лекеттік қызмет атқарғаннан соң рес­публикалық мал асылдандыру ор­та­­лығы «Асыл түлік» қоғамын ұйым­­дас­тырғанына және «Мал шаруа­шы­лығы және мал азығы өндірісі ғылыми-өн­дірістік орта­лығы» мекемесінде бас­шы болып еңбек еткеніне ерекше мән беремін. Өйткені, осы кезеңде бел­гілі қоғам қайраткерлері Қилыбай Ме­деубеков, Қасым Асанов және Ра­қым Ораза­лиев сияқты академиктердің бас­та­ма­сымен Айбын ауыл шаруа­шылы­ғына аса қажет үлкен шараларды ұйым­дастыруға мұрындық болып, игі­лікті істердің басы-қасында жүрді. 

Айбынның докторлық жұмысы Қазақстандағы табиғи жайылымдар­дың жай-күйі, оларды ұтымды игерудің оңтайлы жолдарын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу мәселелеріне арналды. Өзекті мәселенің түйінін тарқатып, дис­сер­тацияны ойдағыдай қорғап шықты. Осы еңбегінің арқасында «ҚР Ұлттық ат­ласын» дайындау кезінде ауыл ша­руа­­шылығы бөлімінің материалдарын әзір­леуге басшылық жасау Айбынға бұйыр­ды.

Ауыл шаруашылығы жүйесіне келгенге дейін бизнес, аудан әкімінің орынбасары, «КазАгропромбанк» жүйе­сінде қандай қызмет атқарса да ғылымнан алыстап кетпеді. Сөз ре­тіне орай, бизнесте мал шаруашылы­ғын да­мы­тудың озық технологиясына ба­ғытталған жобаларға басшылық жа­саса, банк саласында ауыл шаруа­шы­лы­ғы тауар өндірушілерінің қар­жы­лық сауы­ғуына ғылыми тұрғыдан көзқарас та­нытқанын атап кеткен жөн. Тал­дықор­ған ауданының әкімі­нің орын­ба­сары қызметінде шаруа­ларды жаңа технологияға үндеп, шаруашылық­тар­дың қызметін тиімді ұйымдастыруды ғы­лыми қамту мәселелеріне зор мән берді. 

Мал шаруашылығы саласында цифр­ландыру мәселесі бойынша ал­ғаш­қылардың бірі болып бастама кө­теріп, мал туралы барлық ақпарат шо­­­ғырланған ақпараттық-сарап­тама­лық жүйесін түзіп, Айбынның мал асыл­дан­дыру ісіне серпін беруге мұ­рын­дық болғанын да мақта­нышпен айта алам. 

Айбын Төреханов бүгінде қазы­на­лы жас алпысқа жеткен екен. Шер­хан атамыз: «Алпыс – тал түс» деген екен, досым түстік өмірге енді жетті, ендігі Алланың қалауымен кеш­тік малын жинау үшін ел игілігіне қызмет ете беру бұйырсын!  

Серік ҚАНАТБАЕВ, 

биология ғылымдарының докторы, профессор