Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақ­па­рат­тық технологиялар факультетінің оқытушысы Нұрзада Амангелді қа­зақша ымдау тілін танудың интеллектуалды жүйесін жасап шы­ғар­ды. Бірегей әзірлеме ерекше қажеттілігі бар адамдарға ар­нал­ған.
Қазақша ым тілінің құрылғысын жасады
1,232
оқылды

ЕҰУ ғалымы Нұрзада Амангелді 5 жыл­дан бері зерттеу жүргізуде. Ғылыми жоба жасанды интеллектке негізделген және сөйлеу мен есту қабілеті бұзылған адам­дарға бағытталған. Жүйе қазақша ым­дау тіліне бейімделген және бұл – оның басты бірегейлігі. Жүйені әзірлеу ба­рысында Нұрзада Амангелді бір ымның бір­неше нұсқасын дайындаған. Ғалым олар­ды көрсетілу күрделілігі бойынша топ­тарға бөліп, әрқайсысы үшін жасанды ней­ронды желі моделін әзірлеген. 

«Жүйе болашақта ым әліпбиін, ым ті­лін білетін сурдоаудармашыларды дайын­дай алады. Мұндай мамандар түрлі мем­ле­кеттік ұйымдарға қажетті. Бүгінгі таңда біз мобильді қосымша жасауға кірістік. Оның көмегімен ым тілімен өзара сөй­лесу­ге болады. Сөйлеуді мәтінге, мәтінді ым­ға және керісінше түрлендіретін жүйе құр­ылады. Осы жобамның арқасында ерек­ше қажеттіліктері бар адамдардың мек­тепте ыңғайлы оқуы, медициналық жә­не мемлекеттік мекемелерде қызмет алуы және еркін сөйлесуі мен үшін өте маңызды», – деп түсіндірді ғалым. 

Зерттеу нәтижесі бойынша Нұрзада Аман­гелді авторлық куәлікке ие болды жә­не әлемдік рейтингі жоғары журнал­дар­да 3 мақала жариялады. Былтыр ғалым ЕҰУ-дің JANA ASU ішкі гранттық қаржы­лан­дыруын иеленген екен. 

«Қазақстандық саңыраулар қоғамы» қо­ғамдық бірлестігінің вице-пре­зи­ден­тімен кездесу барысында олардың бала­лар­ды оқытуға қатысты мәселелерін біл­дім. Қазақша және басқа тілдер бойын­ша ымдау тілін үйретуге арналған зият­кер­лік тренажер Қазақстанның саңырау қо­ғамындағы есту қабілеті бұзылған бала­лар­ға үлкен көмек көрсете алатын қажет­ті­лік болып табылады. Мұндай оқыту жүйе­сі балаларға ымдау тілін үйренуге жә­не қоршаған ортада қарым-қатынас жа­­сауды үйренуге мүмкіндік беретін тиім­ді қарым-қатынас құралдарымен қам­та­ма­сыз ете алады. АҚШ пен Қазақстанның ға­лымдар тобы біздің елдегі есту және сөй­леу қабілеті бұзылған адамдар үшін бі­лім беру және оған қолжетімділік сала­сында бірқатар зерттеулерді бастады. Біздің бірлескен жұмысымыз елімізде ғана емес, Орталық Азияда пайдалы бола­тын үлкен ғылыми жобаға айналады деп сенеміз», – деді ЕҰУ ғалымы.

Нұрзада өзінің ғылыми әзірлемесін ком­мерцияландыруды қолға алмақ. Ол ҚР Ғылым қорының байқауына қатысу үшін өтінім жолдады.