Мамандардың пікірінше, бұл сапалы әрі сенімді көпірлерді анықтауға мүмкіндік береді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мақұлдаған.
«Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарда барлығы 1 500 мыңға жуық көпір құрылымы бар. Олардың барлығы цифрландырылады. Алайда біздің басты міндетіміз – жыл соңына дейін толық жұмыс істейтін жүйе құру. Сондықтан әзірге түсінікті болу үшін тек 20 көпірді енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл бізге бағдарламаның алгоритмдерімен және нақты мысалдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол құрылысы материалдарының және жаңа технологиялар департаментінің директоры Әсел Нұғманова.
Айта кетейік, аталмыш ғылыми институт мамандары Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының көпірлерін тексерістен өткізген.
«Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесін 2023 жылдың желтоқсанында тәжірибелік тұрғыда пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Айта кетерлігі, қазақстандық көпірлер, жол айрықтары және автомобиль мен теміржол жолдары арқылы өтетін жол өткелдері туралы деректер әлі күнге дейін мемлекеттік органдарда қағаз құжаттарда сақталады. Бұл стратегиялық жол объектілерін зерттеу, жөндеу, жаңғырту, реконструкциялау және олардың құрылысын жоспарлау және жүргізу жөніндегі жұмысты қиындатқан еді. Алдағы уақытта әрбір объектінің паспорттық деректерін тексеріп, нәтижелерін жинақтайтын ақпараттық жүйе болады деген сенімдемін», – дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ баспасөз хатшысы Адина Айнаева.