«Елімізде, әсіресе оңтүстік өңірлерде үйлену мақсатында қыздарды алып қашу әлі де жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда мұндай әрекеттер жыныстық қолсұғылмаушылықты бұзу, қорлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, тіпті өзіне қол жұмсауға әкеп соғады» делінген хабарламада.
2019 жылдан қазірге дейін елімізде адам ұрлаумен байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар санатындағы 214 іс тіркелген. Сонымен қатар Қылмыстық кодексте мұндай құқықбұзушылықтың жеке элементі болмағандықтан, некеге тұру мақсатында қыздарды ұрлау дерегі бойынша нақты статистика жоқ.
«Қазір Омбудсмен кеңсесі қылмыстық заңнамаға бірқатар түзету енгізу, атап айтқанда, жекелеген бапты енгізу және жәбірленуші өз еркімен босатылған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін Қылмыстық кодекстің 125-бабына ескертпені алып тастау мүмкіндігін қарастырып жатыр», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Сонымен қатар Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Қылмыстық кодекске «Неке қию мақсатында адамды ұрлау» жеке 125-1 бапты енгізу туралы ұсыныс жолданды, оның әйелдерге қатысты қылмыс деңгейін төмендететін алдын алу әсері болады деп күтіледі.
Б.ИКРАМОВА