Жер сілкінісі жұма күні сағат 20.48-де тіркелген
Түркияда 5,3 балдық жер сілкінісі болды
1,137
оқылды

Түркияның шығысында орналасқан Малатья провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы елдің ТЖ залалын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, - деп хабарлады Анадолы ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа сүйенсек, жер сілкінісі жұма күні сағат 20.48-де тіркелген. Оның эпицентрі Малатья провинциясының Ешилюрт ауданы болды. Ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісі Малатьяда, сондай-ақ Кахраманмараш, Адыяман, Шанлыурфa және Газиантеп қалаларында сезілді. Қала тұрғындары дүмпулерді сезіп бірден көшеге шыққан.

«Біздің бригадалар далалық зерттеулер жүргізуде. Қазіргі кезде Батталгазы ауданындағы қараусыз қалған 1 ғимарат қирады. Көшеден өтіп бара жатқан бір бала аяғын сындырып, ауруханаға жеткізілді. Бірнеше адам балконнан секірген», - деді Малатья провинциясының басшысы Эрсин Языджи.