Отын құйылған 8 цистернаның екеуі жарылған.
Махачкалада жанармай құю бекетінде жарылыс болып, 12 адам көз жұмды
1,052
оқылды

Тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Дағыстанның астанасы Махачкала қаласындағы жанармай құю бекетінде жарылыс болып, 12 адам қаза болды, - деп жазды ТАСС ақпараттық агенттігі.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған.

Дағыстан басшысы Сергей Меликовтің сөзінше, жарылыс жанармай құю станциясына қарсы бетте болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 12 адам қаза болды, оның екеуі бала. Тағы 66 адам зардап шекті, оның 13-і – бала. 10 адам ауыр жағдайда.

Махачкаланың медицина мекемелері күшейтілген режимге ауыстырылды. РФ Денсаулық министрлігі Махачкаладағы ауруханаларда төсек-орын жеткілікті екенін айтты.

Дағыстандықтар зардап шеккендер үшін қан тапсыруға республикалық қан құю станциясына барып жатыр.

Өрт толығымен сөндірілді.

Фото: RT