Әлеуметтік салада шешімін же­делдетіп табуы тиіс мәселелер же­тер­лік. Әсіресе, оқу жылы қарсаңын­да мектептердің әзірлігіне қатысты сұ­рақтар көп.
Мәжіліс депутаттары – өңірлерде
691
оқылды

Одан да өзге са­ла­лар­да шешімін күткен, депутаттардың ара­ласуын күткен проблемалар аз емес. Осы мақсатта халық қалау­лы­лары тағы да өңірлерді аралауға шық­ты.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­тия­сы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшім­жан Алматы облысында сапармен жүр. Ел-халықпен кездесуді Еңбекшіқазақ ауданынан бастаған ол бірінші кезекте ау­дандағы мектептердің алдағы оқу мау­сымына әзірлігін көріп, ұстаздар қауы­мы­мен жиындар өткізуде. Салынып жатқан бі­лім ошақтарының құрылысымен та­ны­суда. Мәселен, Есік қаласының кіре­бері­сін­дегі «Рахат» саяжайы маңында ор­на­ласқан №1 орта мектептің ұжымымен кез­десуде көптеген мәселелер белгілі бо­лып отыр. 2017 жылы ғана пайдалануға бе­рілген 600 балаға арналған мектепте қа­зір үш ауысыммен қысылып-қым­ты­ры­лып, 1 800 бала білім алуда. Тұрғындар бі­рін­ші кезекте саяжайға ауыл мәртебесін бе­ріп, инфрақұрылым жүргізу мәселесін көтерді. Депутаттың айтуынша, бұл мәселе рес­публика көлемінде көтеріліп, мәжілісте қаралуда.

«Жалпы Еңбекшіқазақ ауданында үш ауысымды мектептің зары өтіп тұр. Ашы­ғын­да бұл Алматы облысында ғана емес, бай­тақ Қазақстанның әр өңіріндегі түйнек. Осы мектептегі ұстаздардың алпыс пайыз­ға жуығы саяжайда тұратындар. Сол се­беп­ті ұстаздар қауымы бірінші кезекте сая­жай мәртебесіне, су, газ, жол, жалпы инф­рақұрылым мәселесіне қатысты сұрақ­тарын жолдады. Бұл мәселе бұған дейін де өткір көтеріліп келеді. Әріптес­те­рім­мен бірге Мәжілістің жалпы отыры­сын­да, Үкімет сағаттарында тиісті орын­дар­ға бірнеше мәрте сауал жолдадық. Бү­гін­гі таңда Үкімет пен жергілікті атқарушы орган мәселенің шешімін табу бағытында жұмыстануда. Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрғалымов ба­лаларды тасымалдап оқытуға саяжай мәр­тебесі кедергі келтіріп отырғанын, тиіс­ті деңгейде заңнамалық қолдаулар қа­жет­­тігін айтты. Жасыратыны жоқ, бүгінде ел­ді мекен маңындағы саяжай тұрғын­да­ры­ның саны күн санап артып келеді. Қа­ла­дан баспана алуға шамасы жетпеген аза­­­маттар саяжайларға қоныстануда. Сон­дық­тан саяжай мәселесін шешуге бары­мыз­ды саламыз. Тұрғындарға жағдай жа­са­латын болады», – деді Жанарбек Әшім­жан.

Сонымен қатар депутат саяжайдағы 900 орындық мектептің құрылысымен та­ныс­ты. Мердігер мекеме BAZIS CONSTRUCTION ЖШС. Жалпы сомасы 7 млрд теңге болатын білім ошағы заман та­ла­бына сай құрал-жабдықтармен қам­та­масыз етіледі. Осылай деген мердігер ме­кеменің өкілдері 2024 жылы жаңа оқу жы­лында құрылысты аяқтайтынын жет­кіз­ді. Бүгінде №1 Рахат орта мектебіне оқу­шылар сыймай әлек. Оның үстіне, 1 500-ге жуық саяжайлық балалар Есік қала­сы­на тасымалданады. Аталған мектеп пай­далануға берілсе, бірнеше мәселе оң ше­шімін таппақ.

Қазір саяжай маңында заман талабына сай тағы бір білім ошағы бой көтеруде. Жал­пы құны 5 млрд теңге болатын 1 475 оқу­шыға арналған орта мектеп құрылысы жүр­гізіліп жатыр. Жеке инвестордың қаржысына салынып жатқан мектеп ағым­дағы жылдың желтоқсан айында пай­да­лануға беріледі деп жоспарлануда. Құры­лыс барысымен танысқан Жанарбек Әшім­жанов мердігер мекеме Kapital construction ЖШС-ның өкілдеріне құрылыс сапасына баса назар аударуды тапсырды. Өз кезегінде мердігер құрылыс барысында туындап жатқан қиыншыларды да айтып өтті. Сөзіне сүйенсек, ғимаратқа ауызсу, кө­гілдір отын тарту мен кәріз жүйесіне қо­сылу қиындық тудыруда. Су мен газды Есік қаласының төменгі жағынан алу керек. Аталған жұмыстарға қосымша 280 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалады.

Сондай-ақ Есік қаласында 1 500 орын­дық мектептің құрылысы аяқталып, оқу маусымын күтір тұр. Бұл мектеп іске қо­сыл­са Есік қаласындағы үш ауысымды мек­тептің мәселесіне нүкте қойылады. Жал­пы Есік шаһарында бес мектеп бар, төр­теуі аралас, біреуі ғана қазақ мектебі.

Ал Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­тия­сы фракциясының мүшесі Мұрат Әбе­новтың Қызылорда облысында жүр. Ха­лық қалаулысы бірінші күні партияның қа­лалық филиалында аймақ жастарымен кез­десіп, жастарды қолдау бағыты бойын­ша атқарылатын біршама жұмыстарды атап өтті. Кездесу барысында «Серпін» бағ­­­­­дарламасы бойынша Солтүстікке Оң­түс­тіктен көшу тиімділігі, еңбек адамының әлеуе­тін көтеру, т.б. өзекті мәселелер тура­лы айтылды.

Мұнан соң фракция мүшесі партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген №264 орта мектептің 550 орынға арналған бастауыш оқу ғи­ма­ратының қосымша құрылысымен таныс­ты. Бас мердігер – «Интегрострой» ЖШС. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары биыл ақпан айында басталған. Нысан 1 қыр­күйекте пайдалануға беріледі.

Мәжіліс депутаты сапарының екінші күні партияның қалалық филиалында аза­­маттарды жеке мәселелері бойынша жеке қа­былдау өткізіп, тұрғындардың талап-тіле­гін тыңдады. Қабылдауда балаларды мек­тепке даярлауға мемлекет тарапынан бері­летін жәрдемақының мардымсыз еке­нін, базардағы мектеп құрал-жаб­дық­тары­ның бағасы барған сайын қымбаттап жатырғанын алға тартты. Мұнан бөлек А.Пушкин кітапханасы орналасқан пәтер тұр­ғыны аталған тұрғын үйді жөндеу жұ­мыстарынан өткізу керектігін айтса, ірге­тасы ескірген пәтер тұрғындары да үй ке­зе­гінің мәселесі бойынша мәжілісменге жо­лығып, қанағаттандырарлық жауап ал­ды.

Одан кейін мәжіліс депутаты Қызыл­орда қалалық мәслихатындағы «AMANAT» пар­тиясы депутаттық фракциясының оты­рысына қатысты. Отырыстың күн тәр­тібінде сайлау науқаны кезінде аза­мат­тардан түскен ұсыныстар мен тілектердің орындалуы, 2023-2027 жылдарға арналған пар­тияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында қа­рал­ған іс шаралардың орындалу барысы және «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асы­рылуы туралы мәселелер қаралды. Бас­қосуда жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, пікірлер тыңдалды.

Мұнан бөлек фракция мүшесі теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарын зер­делеп, одан соң №3 ІТ-лицейінің қо­сым­ша ғимаратының және «Аналарға тағ­зым» орталығының құрылысымен та­нысты.

Ал Қостанай облысында жүрген Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева партия филиалы жанындағы Білім және ден­саулық сақтау жөніндегі кеңестің ке­зекті отырысына қатысты. Онда өңірдегі ем­деу мекемелерінің қаржылық жағдайы тура­сында, соның ішінде медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі туралы сөз қозғалды. Жиында баяндама жасаған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының ди­ректоры Батырбек Нұрғалиевтің ай­туын­ша, қазір қарастырылып отырған қосым­ша 2,3 миллиард теңге қаражат бөлу ша­расы бұл мәселені шешпейді. Бұл ме­дициналық қызмет көрсетуге арналған қо­сымша қаражат. Өндіріс көлемінің өзге­шелігі (медициналық мекемелердегі төсек орын саны) аудандық ауруханаға қалалық ауруханаға қарағанда үлкен сома беруге мүм­кіндік бермейді. Нәтижесінде, қарыз­ды өтеу үшін тым аз қаражат қалады. Бұл мә­селеден шығудың екі жолы бар: облыс­тық мәслихаттың мақсатты қаражат бөлуі немесе ауруханалар ішіндегі шығындарды оңтайландыру.

Облыстық мәслихаттың халықты әлеу­меттік қорғау, денсаулық сақтау мәселелері жө­ніндегі тұрақты комиссиясының мү­шесі, SENIM денсаулық сақтау жүйесі қыз­меткерлері кәсіподағының облыстық фи­лиалының төрағасы Татьяна Булгацевич бол­са, оңтайландыруға механикалық тұр­ғыдан қарауға болмайтындығын атап өтті. Мы­салы, жақында Қостанай қалалық ау­ру­ханасының бақылау кеңесі ЛОР бөлімін жабу­д­ы ұсынды, себебі ол тиімсіз. Бірақ нау­қастар ше? Өңірлерде тар сала маман­дары іс жүзінде жоқ. Біз тамақтануды оң­­­тайландырдық, қазір ауыл тұрғындары қала ауруханаларына түскенде азықтан қи­налады. Өйткені көбісінің әкеліп бере­тін ешкімі жоқ. Сондай-ақ 2000 жыл­дар­дағы 12,5 мың төсек-орынның бүгінде жар­тысынан азы ғана қалған. Осы және бас­қа да мәселелерді талқылаған жиын қо­рытындысында Мәжіліс депутаты атал­ған жайды Үкімет деңгейінде көтеруге уәде бер­ді.