Jas Otan жемқор жеті ЖОО-ны анықтады
Бүгін Jas Otan БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Брифинг барысында студенттердің жатақханаларда тұру жағдайына мониторинг жүргізу қорытындысы, сондай-ақ студенттер арасында жеке ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қатысты «Таза сессия» атты жасырын сауалнаманың екінші кезеңінің нәтижелері жарияланды. Сонымен, Jas Otan жастар қанаты жемқор жеті ЖОО-ны анықтады.
[caption id="attachment_25441" align="alignnone" width="1024"] © Айтжан Мұрзанов[/caption]
Олар мыналар:
⠀
-Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық университет
⠀
-Түркістан облысы Жетісай қаласындағы «Сырдария» университеті
-Алматы қаласындағы Туризм және спорт академиясы
⠀
-Шымкент қаласындағы аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет
-Алматы қаласындағы Орталық Азия университеті
⠀
-«Алматы» университеті
⠀
- С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
[caption id="attachment_25442" align="alignnone" width="1024"] © Айтжан Мұрзанов[/caption]
«Жасырын сауалнаманы «Jas Otan» ЖҚ хатшылығы және өңірлік филиалдарының қызметкерлері респонденттің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде ЖОО аудиторияларында жүргізді. Сауалнама қатысушыларының орташа жасы 19 жасты құрады. Респонденттердің 95,2% -ы бакалавриатта, 2,4% - ы магистратурада, 0,2% - ы докторантурада және 2% - ы интернатурада оқиды», - дейді Jas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев.