Қазақстанда жыл сайын кәмелет жасына толмаған мыңдаған жасөспірім жасанды түсік жасатады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлады holanews.kz.
Министрліктің мәліметінше, жыл сайын 1300-ге жуық жасөспірім жүктілігін тоқтатады. Кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға босану да түсік жасату да өте қауіпті екенін айтты.
Жасөспірімдердің жасанды түсік жасату жайы дәрігерлерді алаңдатып отыр, сондықтан балаларға жыныстық қатынас жайлы 3- сыныптан бастап ақпарат беру ұсынылды
"Егер қыз 15 жасында жүкті болып қалса, егде жастағы әйелмен салыстырғанда ана өлімі 20 есеге жоғары болады", - деп түсіндірді акушер-гинеколог Галина Гребенникова.
Мамандардың айтуынша, ересектердің өзі бұл тақырыпты айналып өтуге тырысады. Қолданыстағы заңға сәйкес жүкті жасөспірім анасы мен әкесінің қатысуынсыз медициналық көмек ала алмайды. Сол себепті медициналық мекемелерден тыс жерде жасалатын түсіктің саны артып келеді.
"8-сыныптың анатомия сабағында ғана емес, оны 3-4 сыныптан бастау керек. Және аса мұқияттылық қажет. Алайда бұл жабық тақырып болып қалмауы керек. "Жыныстық қатынас" – тамақ ішу, ұйықтау, өмір сүру секілді әрекет. Осыны түсіндіру керек", - деді қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.