Заң жобасын қоғамда талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жариялады. 4 қыркүйекке дейін әр азамат талқылап, пікірін айтып, ұсынысын жаза алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сонымен, жоба бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- ең төменгі жалақы (МВт) – 70 000 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3692 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
- ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге.
Жасы бойынша және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерін 9,0% арттыру көзделген.
МӘМС төлеуге жататын міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,9%-ы болмақ.
Фото: aktobeinfo.kz