Тышқандардың өріп жүруін облыстық перзентхана өкілдері қазіргі уақытта ғимараттың жазық далада орналасуымен түсіндірді.
Тышқандар жүр: Желіде Атыраудағы перзентханаға қатысты видео тарады
1,418
оқылды

"Облыстық перинаталдық орталық уақытша көшкен ғимарат қаладан алыс жерде, жазық далалық аумақта орналасқан. Тышқандардың жайлауын болдырмау мақсатында дезинфекция жұмыстарын жиі жүргізеді. Соған қарамастан, дезинфекция жұмыстары нәтиже бермеуде.

Қазіргідей эпидемиологиялық жағдайдың күрделі болуына байланысты дезинфекциялық, дератизациялық жұмыстарды айына екі рет жасап жүрміз. Кішкентай сәбилер жататын ғимарат болғандықтан, мұндай шараларды екі реттен көп жасауға тағы болмайды. 

Қазіргі уақытта екінші жартыжылдыққа қайтадан келісімшарт негізінде, 21 тамызда дератизациялық жұмыстар жасадық. Бүгін тағы дезинфекциялық жұмыстар жасалмақ", – деп түсінік берді Атырау облыстық перинаталдық орталығының ресми өкілі Нұргүл Исмағұлова.

Еске сала кетсек, Атырау облыстық перинаталдық орталығы 2022 жылғы қазан айынан бастап қала сыртына, коронавирус кезінде салынған модульдік ауруханаға көшірілген болатын. 

Қазіргі уақытта перинаталдық орталықтың ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң, перзентхана бұрынғы мекежайына қазан айында көшірілетін болады.

Баян Жанұзақова