Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев келесі жылы әлеуметтік салаға бюджеттен қанша теңге бөлінетінін айтты.
Үкімет отырысында "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы ұсынылды.
Жамаубаевтың айтуынша, келесі жылға арналған бюджет шығыстары биылға қарағанда 1,5 трлн теңгеге ұлғайып, 24 трлн теңгені құрайды.
"Бюджет шығыстарының негізгі үлесі әлеуметтік салаға тиесілі. Яғни жалпы шығыстардың 41% құрайды. Оған арналған қаражат 2024 жылы осы жылмен салыстырғанда 1,4 трлн теңгеге ұлғайып, 9,9 трлн теңге болады", – деді министр Үкімет отырысында.
Бюджет шығыстары қайда жұмсалады:
- әлеуметтік төлемдерді: зейнетақы, жәрдемақы, стипендияларды индекстеу;
- әйелдер үшін зейнеткерлік жасты 61 жас деңгейінде қалдыру;
- бала күтімі бойынша кезеңді 1,5 жасқа дейін ұлғайту;
- гранттар саны мен стипендия мөлшерін ұлғайту;
- азаматтық қызметшілерге, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтерінің еңбекақысын көтеру;
-
халық санының өсуі мен науқастар санының ұлғаюын ескере отырып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында халықты медициналық көмекпен қамтуды ұлғайту.
Сонымен қатар 2024 жылға экономиканың нақты секторын қолдауға 2,8 трлн теңге көзделген.
Бұл бағыттың басымдықтары:
"Күш құрылымдарының шығыстары 2,6 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр", – деді Жамаубаев.
Оның ішінде ең бастылары: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру; мемлекеттік қорғаныс тапсырысы; азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілердің кейбір санаттары мен жоғары оқу орындары оқытушыларының еңбекақысын арттыру; ішкі істер органдарын қосымша материалдық-техникалық жарақтандыру.
"Жалпы алғанда, мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті қорғау және ішкі тұрақтылықты сақтау жөніндегі іс-шаралар толық көлемде іске асырылады", – деді вице-премьер.