Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, Қазақстанда ауруханаларда жатқан 33 адамнан коронавирус жұқтырды деген күдік расталмады, – деп жазады Tengrinews.kz.
«Коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деп түскен науқастарға емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олар тестілеуден өтті, коронавирус анықталмады. Алайда, оларда респираторлық инфекция, тұмау болуына байланысты ауруханада қала береді және ем қабылдауды жалғастырады. Бүгінде ауруханаларда 33 науқас бар. Коронавирус диагнозы ешкімге қойылмады, алайда олар емделуді жалғастырады», – деді министр.
Оның айтуынша, шекара асып келгендердің барлығы коронавирусты анықтау үшін лабороториялық тестілеуден өту қажеттілігі жоғын айтты.
«Бұл зерттеу тек ауру белгілері пайда болған кезде ғана жүргізіледі. 99 пайыз белгілері - дене қызуының көтерілуі, жөтел және басқасы - біз қарапайым тұмаумен күресеміз. Қазіргі уақытта бүкіл 18 миллион адамды коронавирусқа тексерудің қажеттілігі жоқ. Оның мәні де жоқ», – деді Елжан Біртанов.