Әдетте біз белгілі бір мем­лекет төңірегінде әңгіме айтар кез­де «аграрлы мемлекет», «ин­дус­т­риялды мемлекет» немесе «аг­ро-индустриялды ел екен» деп жа­­тамыз. Біз бәзбір мемлекеттер секілді тек туризммен күн көріп отырған, туризмі экономика­­сы­ның басым бағыты болып отыр­ған мемлекет емеспіз.
Әр салаға өз маманы барғаны дұрыс – Мұқаш Ескендіров
1,377
оқылды

– Мұқаш мырза, «Осындай аса маңызды шақта зор эко­номи­калық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуі­міз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Бас­ты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетіс­тіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапа­сын жақсарту болуға тиіс». Президенттің осы тапсырмасы тур­а­лы ойыңыз­ды білсек. Қазақстан өзіне тән ұлттық экономикалық модель қалыптастыра ала ма? Ол қандай болуы керек?

– Әрбір мемлекеттің эко­но­ми­касы екі бағыт бойынша да­миды. Біріншісі – индустриялық бағыт, екіншісі – аграөнеркәсіптік бағыт. Әдетте біз белгілі бір мем­лекет төңірегінде әңгіме айтар кез­де «аграрлы мемлекет», «ин­дус­т­риялды мемлекет» немесе «аг­ро-индустриялды ел екен» деп жа­­тамыз. Біз бәзбір мемлекеттер секілді тек туризммен күн көріп отырған, туризмі экономика­­сы­ның басым бағыты болып отыр­ған мемлекет емеспіз. Бірақ Мемлекет басшысының өзі айтып отыр­ғандай, туризм – біз­дің елімізде экономикамыздың бір бөлігі. Меніңше, Қазақстанға тән бір ұлттық экономика болуы мүмкін емес. Себебі біз жан-жақ­ты да­муымыз керек. Біз кейде «ұлан-ғайыр жерімізде «Мен­­­де­лев кес­тесіндегі түгелге жуық эле­­менттер бар» деп жерасты қаз­­ба бай­лықтарымызды айтып мақ­­тана­мыз. Бірақ бұл эко­­­­­но­­­­­ми­­­камызды толық дамытатын фак­­­­­­­­­тор емес. Мұнайымыз бен га­зымыз, сол секілді элементтер де сырттағы факторларға бай­­­­­ланысты. Оның ішінде логис­­­­­­­тикаға да бай­ланысты. Дұрыс, біз барлық мүм­кіндіктерімізді толық пайда­лануымыз керек. Бірақ нақ­­­ты қандай шараларды жүзеге асы­руымыз керек дегенде біз на­­­ғыз дамыған мемлекетке айнала­­­­­­мыз десек, бұрынғыдай эконо­­ми­­­­­камызды жоспарлағанда ста­­­­­­­­­­­­­­­­тис­­­­­­­­ти­ка­­­­лық цифрлар мен сан­­­­дардан, пайыздық есептеу­­­­лерден бойы­мызды аулақ салып, нақты істерге мән беруіміз керек. Есеп беретін шенеуніктердің «ты­­ғы­­­­­латын» жері де осы – цифр­лар мен есептер. Мысалы, 2022 жы­лы Қазақ­стан­ның экс­порт­­тық, им­­­порттық опе­рациясы 146 млрд АҚШ дол­ларын құрады деп ес­­тиміз. Соның ішінде 83 млрд-ы экспорт болса, ал 63 млрд-ы им­порт бол­ған. Эко­но­ми­камызды жоспарлауда им­порт­ты жоспар­­лаудан қараған­да экс­портқа аса мән беруіміз керек. Мемлекет басшысы 2029 жылы жалпы ішкі өнімімізді 460 млрд АҚШ долла­рына арттыруды көздеп отыр ғой. Яғни, қазіргі жалпы ішкі өніміміз 220 млрд доллар болса, 2029 жыл­­­ға дейін екі-үш есеге арттыруымыз керек. Ал оны қалай арттырамыз? Ме­ніңше, Үкімет келесі жылдан бастап барлық жергілікті әкім­­­шілік органдарымен бірлесе елі­міздегі әр компанияның мүмкін­­­діктерін ескере отырып, оларға өз кезегінде мемлекет тарапынан көмек беріп жұмыс істеуі керек. Күні кеше жаңа министрліктер құ­рылды, кадрлар арасында ауыс-түйістер болды. Жаңа әкім­­­­дер сайланды. Олар енді Пре­­зи­­­­денттің үмітін ақтап, еліміздің да­муына қажетті барлық шара­­­ларды қолға алу керек. Егер біз дәл қазір сол шараларды қабыл­­­дамасақ, Мем­лекет басшысының тап­сырмасын орындауымыз қиын­­ға түседі. Мы­салы, біз бел­гілі бір тапсы­р­маны орындау ке­зінде қаржылық сме­талық құжат­тарды реттейміз деп біраз уа­­­­­­­­қы­­­­­­­­­ты­­­мызды жоғал­тамыз, оны мемлекеттік сарап­тамаға беріп тағы уақыт құртамыз. Осы секілді факторлар жұмыстың же­делде­туін тежейді. Меніңше, осындай жұмыстарды баяулатуға алып келетін кедер­гілерді жойып, істің жылдам арада іске асуына мән беруіміз керек. Сондай-ақ елі­мізде шикізат өндіретін өндіріс орындарын ашып, шетелдің ши­кі­­заттарына тәуелділікті азайту керек. Мысалы, кеше Қарағанды облысында автомобильдерге ар­нал­ған шиналарды шығарамыз деп мыңдаған миллиард қаржы жұмсап жатырмыз. Бірақ елімізде шина шығаруға арналған бір ши­кізат жоқ десек болады. Ол ши­кізаттарды алып келіп сол ши­наларды шығарған күннің өзін­­­­де Еуропадан, Ресейден, Жапония­дан және сол секілді өз­ге елдерден келіп жатқан ши­­­­на­ларға қалай бәсекелес бо­­ла­мыз? Ертең өзіміз­дің шикі­затсыз шы­ға­рылған дү­ниелер бәсекеге жа­рамсыз бо­­лып жатса, тағы да мем­лекет қар­жы­сына ала­­­­қан жаямыз. Ме­нің­ше, осы тұрғыда мемлекет қар­жысына қол сала бермей, мем­лекеттің қо­­­­рына ақ­ша құятын шараларды атқаруы­мыз керек. Бұл ауыл шаруа­­шы­лық саласына да қа­­­­­тысты. Мы­са­лы ет-сүт өнімдеріне де баса мән беріп, отандық өнім­­­дердің дамуына атсалысуы­­­мыз керек. Сонда ғана Жолдауда ай­тылған тап­­­сыр­­­маларды орын­­­­дау­ға мүм­кіндік аламыз. Сондай-ақ дайын өнім­­­дерді шығаратын зауыт­­­тарды салуымыз керек. Мы­­­­­­­­­­­­салы, бізде ұн шығаратын зауыт­тарымыз бар. Ұнның көбін Ауғанстанға жіберіп келдік. Бірақ бүгінде біздің алдымызды Өзбек­­­стан орап кетіп отыр. Дайын өнім­­дерді шыға­­ратын зауыттар салу аса қиындық тудырмайды. Тіпті, қысқа мер­­­зімде салып тас­тауға болады. Естеріңізде болса, екінші дүние­­жүзілік соғыс ке­зінде қажет­ті­­ліктерді өтеу үшін қысқа мер­зімде бірнеше зауыт салынған еді. Сол секілді зауыт­­­­тарды салу үшін ұзақ мерзім аса қажет емес. 

– «Қазақстанның стратегия­лық мақсаты – Еуразия құрлы­ғындағы басты аграрлық орта­­лықтың біріне айналу. Осы мақ­­­­­­­­­­­­сатқа қол жет­­­­­кі­земіз десек, ең алдымен, өнімді жо­ғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Алдағы үш жыл ішінде аг­ро­­­­­­­­өнеркәсіптегі өңделген өнім үле­­сін 70 пайызға жеткізуіміз ке­­­рек. Ол үшін салық саясатын қай­та қарау қажет». Елімізде жыл соңы­­на дейін Салық кодексіне негізгі үлкен өз­герістер дайын бо­луы керек, бүгінде дайындық жүріп жа­тыр. Ол қандай болуы керек? Тек бюджетті тол­тыруды көздейтін фис­­­кальды сая­саттан ынталан­­­­ды­­ру саясатына қайтсек көшеміз?

– Біз Еуразия деп аузымызды кеңге ашпай-ақ, алдымен мына Орта Азиядағы елдермен өзімізді салыстырып көрелікші. Мына Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыз­­­­стан секілді мемлекеттермен кей­­бір салалар бойынша бәсеке­­лесе алып жүрміз бе? Мысалы, елі­­­міз­дің оңтүстік өңіріндегі жұрт Қыр­­ғыз Республикасы мен Өзбек­­­­станның тауарларын тұты­­нып отыр­­­­ғаны жасырын емес. Қыр­­ғыздар шығарған киімдерді киіп, Өзбекстанның тауарларына тәуел­­­­ді болып отырмыз. Сол атал­­ған мемлекеттерге бара қал­саңыз, жеңіл өнеркәсіптің бізден қара­ғанда алда екеніне куә бола­мыз. Ал бізде қарапайым ғана бидай өнімдерін, ұн сақтайтын логис­тикалық орталықтар кем­шін түсіп жатады. Тек соңғы жыл­­­­дары Мемлекет басшысының тапсыр­масымен осы жайттарға көңіл бөлініп келеді. Осы ретте елі­­­міздің әрбір өңірі өз мүмкін­­­діктерін ортаға салып, тиімді ша­­­­ралар қабылдауы керек. Мыса­лы, оңтүстік өңірлер ауыл шаруа­­шы­лығы өнімдерін, көкөніс-жеміс­тен өндіріс орындарын ашуды қолға алса, өзге өңірлер өзге де қанша өнім шығара алатынын есептеп, соған сай өндіріс орын­­­­дарын ашуды мақсат етуі керек. Өз кезегінде бұған мемлекет те мүд­­­­делі болуы қажет. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы мен өнер­­­кәсіп және құрылыс министрлігі бірлесе отырып жұмыс істеуі қа­жет. 

– Өңдеу саласын жетілдіру маңызды екені белгілі. Өңдеу де­генде ең алдымен металл өңдеу, мұ­най-газ, машина жасау саласы еске түсері анық. Одан бөлек, өнім шығаратын кластер құру үшін не қажет?

– Біз мыс, қорғасын, мырыш, аллюминий сынды металдарды шығарып жатырмыз. Олардың барлығы – өңдеуді қажет ететін металдар. Өзім химия саласында жұмыс істегеннен кейін Жамбыл облысы мен Түркістан облы­­­сын­дағы шикізаттардан хабарым бар. Олардың барлығын шикізат күйін­де қалдырмай, бәсекеге қа­бі­­­­­­­­­летті өнім өндіру ісін жолға қоюымыз қажет. Мысалы, қара­­пайым мыс пен мырыштың өзі­нен көптеген өнім өндіруге бо­лады. Қаншама миллиардтаған қаржы кетіп жатыр. Мемлекеттің қаржы қоры шексіз емес қой. Ер­тең ол қаржының орнын тол­­ты­­­­­­­ру керек. Толтыру үшін тек шикізат күйінде қалдырмай, өнім­­дерді өндіре білу уақыт талабы болып отыр. Біз қазір аурухана мен мек­теп сынды маңызды нысандар салып жатырмыз. Рас, керек нәр­се. Егер біз осындай өндіріс орын­­­­дарын ашуға басты мән бер­­сек, олар өз кезегінде мемлекет қа­зынасын толтырып, ондай маңыз­ды нысандар бүгінгіден де көптеп салынатын еді. Осы жа­­­­­­­ғын ойла­нуымыз керек. Тек бү­­гін­гі күнмен өмір сүруге бол­­­­­май­ды. Ертең экономика­­­­­­мызды әлем­дік бәсе­кеге қабілетті етуіміз үшін қазір­ден алдын-ала шара­­ларды жүзеге асыруымыз қажет. 

– «Аймақтарға қатысты сая­сатта маңызды реформалар жүр­гізілді. Соның нәтижесінде әкім­дерді тікелей сайлау тәсілі ен­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­гі­­­­­­зі­ліп, әкімшілік реформа қолға алынды. Бұл ретте бюджетаралық қатынастарды түбегейлі өзгерту де өте өзекті мәселе. Жаңа эко­номи­­калық үлгіге көшкенде ай­мақ­­­тар­дың бюджет мәсе­ле­сін­дегі дербес­­тігін арттыру керек». Осы мәселе бойынша ойыңызды біл­сек. Үш жылдық бюджеттен бас тарту ту­­ра­­­­лы да ұсыныстар бар. Ендеше оңтайлы нұсқа мен ай­мақтарға қатысты үлгі қандай болуы керек?

– Мен көктемгі сессиядан ке­йін жаңадан сайланған әкімдер­мен кездестім. Сонда байқа­ға­ным, көбі – жас азаматтар. Әри­­­не, «жас келсе – іске» деген ха­лық­пыз. Бірақ солардың сол сай­ланған округтер проблема­ларын шешуде тәжірибелері бар ма – ол жағына да мән беруіміз керек. Азаматтарды сайлағанда трай­бализмге, рушылдыққа, жер­­шіл­дікке қарап сайлаудан аулақ бо­луымыз керек. Мысалы, жеңіл өнеркәсіптің, шағын кәсіп­­терден түсіп жатқан салық­тарды сол өңір­лерде қалдырып жатырмыз ғой. Сол қаржы қан­­шалықты тиісті деңгейде жұмса­­лып жа­тыр – осыған назар ауда­­руымыз керек. Мысалы, са­­­­лық­тан жинал­ған қаржы көле­мі 16 трлн теңге болса, шы­ғын­дарымыз 20 трлн-нан асады. Яғ­ни, түскен салық қаржысынан шығындарымыз көп. Осы ретте көлеңкелі экон­­­миканың да жо­лын кесуіміз ке­рек. Көптеген кәсіп иелері мем­­ле­­­­кетке салық аз төлеу үшін қыз­­­­­­­­­­­­­­­­мет­­­кер­­­леріне жа­лақыны аз төлеп жатыр. Мы­салы, мен ауыл шаруа­­­­шылы­ғын­­дағы көкөніс өсі­ре­­тін кә­­­­­­­сіп­­­­­­­­­­­орындарға бар­­­ға­­нымда бай­қа­­­ғаным, егістікте жұ­мыс істейтін 40-50 қызметшіге күніне 4-5 мың теңге көлемінде ақша төлейді. Олардың медици­­­­налық сақтан­­­­дыруы, зейнета­­­­қысы се­кілді қа­­­жетті дүниелері ес­керіле бер­­­­мейді. Күні кеше Мем­­­лекет бас­­­шысы ең төменгі жала­­­­қыны 85 мың теңгеге өсірді. Бұл – дұ­рыс шешім. Неге? Өйтке­ні, адам құ­­қықтарын қор­ғауда осын­­дай ше­шім­дердің ат­қаратын рөлі зор. Осын­дай мәсе­лелерді шешу жо­­­лында сай­ланған аза­­мат­тар тиісті дәрежеде нағыз маман бо­луы қа­жет. 

– Жаңа өнеркәсіп саясатын жаңаша үлгіде дамытқан жөн. Де­сек те, жаңа өнеркәсіп саясатын дамыту үшін нақты жобалар, ре­формалар қажет емес пе? Жаңа­­дан құрылған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қойылатын талап қандай болуы тиіс?

– Жаңадан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін құру ар­қы­­­­лы экономикамыздың дамуы­­­на маңыз беріп отырмыз деп ой­лаймын. Бүгінде ең үлкен жауап­кершілік осы министрлікке түсіп отыр. Бұл салаға сайланған жаңа министр қаржы саласының ма­маны екен. Өз саласының ма­­­­маны болмағанымен, жаңа ми­­­нистр ұйымдастырушы менед­­жер ре­тінде жақсы жұмыс атқаруы қажет. Өт­кен жолы министрге қол ас­тын­дағы кадрлары төңіре­­­­гінде орын­­басарларыңыз, коми­­­теттің төра­­­­ға­­­лары кім болады деген сауал жолдаған болатын­­­­мын. Себебі, егер министрлікке өзі секілді өзге саладан келген ма­мандар қыз­метке келсе, онда бұл саладан ха­бары жоқ болған­­­­дықтан мә­селе­лерді шеше алмай­­­ды. Бұл са­ла­да елімізде тәжірибелі аза­маттар бар, өнеркәсіпте жүр­­­­ген ғалым­дары­мыз, сарапшы­­­лары­­­­­мыз бар. Со­лар­­дың тәжіри­бе­­­­­лері мен бі­ліктілігін тиімді пай­­да­­­лана алу керек. Бізде кадр таңдауда бір қате­лік бар. Ол қате­­­лік – шет елден «Бо­­­­лашақ­­пен» оқып келген, мем­лекеттік қыз­­мет­­­­­­­­­­­­терде жұмыс істе­ген адамдар­ды ғана таң­дауы­мыз деп айтар едім. Ал сол са­ла­ның басы-қасын­­да жүріп, майын іш­кен, өндіріс орын­да­рында бірнеше жылдық тә­жі­рибесі бар адам­­­дарды тиісті қыз­меттерге ала бер­­­мейміз. Осы­дан келіп сала­лар­­­­дағы мәсе­ле­лердің шешілмей қа­луына түрткі болып отыр. «Шым­шық сойса да қа­сапшы сойсын» деген сөз бар емес пе?! Сол секілді әр сала­ның маңайы­на тек сала маман­дары барса деген ниет бар. Сонда ғана олар дербес шешім қабылдай алатын, сала­дағы мә­селелерді орын­ды шеше алатын жағдайға жетеді. 

Сұхбаттасқан

Анарыс АҚЫЛМАН