Сондай-ақ Мемлекет басшысы матчтағы жалғыз гол авторы Максим Самородовқа ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы футболдан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады
1,337
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

 

«Жеңіс құтты болсын! Бүгін жақсы ойын болды. Шеберлік көрсеттіңіздер. Жұрт, бәрі риза», - деді Қ.Тоқаев.

 

Өз кезегінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Президентке алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады.