Биыл ағын су мәселесі ауылдағы ағайыннан бастап, Мәжіліс мін­беріндегі депутаттардың да мазасын қашыруда. Әсіресе, Жамбыл облысының алты ауданында бірдей төтенше жағдайдың жариялануы халық қалаулыларының жанына батқандай.
Ағын су, сені сақтадым...
718
оқылды

Олай дейтініміз, күні кеше мәжілісмен  Гүлдара Нұрымова  «AMANAT» партиясы фрак­циясының мүшелері атынан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, қуаңшылықты қолдан жасап, жұмысына салғырт қарағандарды қатаң жазалауды ұсынды. Халық қалаулысы өз сөзінде бірқатар деректерді келтіріп, Су ресурс­тары комитетінің «Қазсушар» мекемесінің жұмысын қатаң сынға алды. 

Гүлдара Алданышқызының сөзіне сүйенсек, Жамбыл облысындағы суар­ма­лы жерлерді ағын сумен қамтуды жақ­­сарту мақсатында 2019 жылдан бас­­тап Халықаралық қаржы институт­та­рының несиесі есебінен 40,0 млрд тең­­­­­ге бө­­лініпті. Бұл қаражатқа ауқымды 2 жо­ба жүзеге асуы тиіс болған. Ал жо­­­ба­ның әкім­­шісі ретінде Су ресурс­тары коми­тетінің «Қаз­сушар» кәсіп­орны та­нылған. 

Жоспар бойынша 2 жобаның құ­ры­лысы 2021 жылы аяқталып, 114 мың гек­тар алқапты сумен қамту көзделген. Алай­да жобалау-сметалық құжаттардың са­­пасыз әзірленуі, жосықсыз мерді­гер­лердің жұмысы және «Қазсушар» меке­месі тарапынан бақылауды­ң әлсіздігі құ­ры­лыс жұмыстарын кешеуілдеткен. Нә­­­­­­­ти­же­сінде, жоспарлы жұмысты аяқ­тау ағым­дағы жылдың желтоқсан айына ше­ге­рілген. 

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова желтоқсан айында да межелі міндеттің орындалатындығына күмәнмен қа­рай­­­ды. Себебі құрылыс жұмыс­тарының са­­пасы сын көтермеуде. Бүгінде жоба аясында жоспарланған 54 мың гектар­дың тек 34 мың алқабына ғана ағын су жетіп отыр.

Халық қалаулысы осы орайда шы­ғынға батқан шаруаларға Үкімет тара­пынан бөлінетін қаржының әділ жетуін талап етуде. Қаржыны қадағалау тетігіне қатысты да сұрақ көп.

Гүлдара Алданышқызы депутаттық сауалында шаруаларды сумен қамтуға сырттан алынған қарыздарды кім және қалай өтейтіндігіне қатысты да өзекті мәселені көтерген. Ал көршіліс қырғыз ағайынмен суға қатысты келіссөздердің дер кезінде жүргізілмеуі және өрескел кем­шіліктердің қайталануы салаға жауап­­­­ты тұлғалардың тиісті құқықтық жауап­кершілікке тартылмауы деп отыр. Алдағы уақытта өзге де салаларда осын­дай ол­қылықтарға жол берілмеуі үшін Гүлдара Нұрымова қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізіп, жауаптыларды жазаға тартуға шақыруда.

Әрине, халық қалаулысының де­пу­таттық сауалын орынсыз дей ал­мас­сың. Себебі Жамбыл облысында барлы­ғы он аудан болса, соның алтауында тө­тенше жағдайдың жариялануы жақ­сылық емес. Бұл салаға жауапты маман­дардың жұмы­­сының салғырттығын көр­­­­­­­­­­­се­­­­­­теді. Десе де, қуаңшылыққа қа­­­тыс­­ты бір ғана «Қазсу­шар» мекемесін кінәлі деп тану, «бастан құлақ садаға» деудің кері дейтіндер де көп. Осы орайда «Қаз­сушар» ме­ке­­ме­­­сінің Жамбыл об­лыстық фи­лиалына хабар­­­­ла­сып, екінші тараптың да уәжін тыңдадық. 

– Бүгінгі таңда Жамбыл облысының 5 ауданында (Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай) 53,9 мың гектар және Түр­­­­кістан облысында (Шардара, Орда­басы, Отырар аудандары) 25,7 мың гек­тар алаңда «Актөбе, Жамбыл және Оң­түс­­тік Қа­­зақ­­­стан облыстарының су шаруа­­­­­­­­шы­лы­­­­­ғы және гидромелиора­ция­лық жүйеле­­­рін қайта жаңарту» жобасы іске асыры­­­­луда.

Жобалардың жалпы құны 45 млрд теңгені құрайды. Оның бүгінгі күнге 37 пайызы немесе 17 млрд теңгесі иге­рілді. Құрылыс-монтаждау жұмыс­та­рының физикалық көлемі 70 пайызға орын­далып отыр. 

Жамбыл облысы бойынша жоба шең­­­­­­берінде жалпы ұзындығы 663,8 ша­қы­рымды құрайтын 264 суару канал­дарында құрылыс-монтаждау жұмыс­тары жос­парланған. Жоба құны 27,5 млрд теңге. Қазіргі таңға қаралған қар­жының 53 пайызы немесе 14,5 млрд теңгесі игерілді. 

Қордай ауданында жоспарлы жұ­мыстар 100 пайызға аяқталып, нысан­дар пайдалануға беріліп қойды. Жуалы ауданы бойынша құрылыс 95 пайызға бітіп, қалған жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. 

Жамбыл ауданы бойынша жұмыстар 70 пайыздық межені діттесе, веге­тация­дан кейін 20 пайыз, қалған 10 пайызын 2024 жылғы вегетацияға дейін аяқтау жос­­пар­ланып отыр.

Байзақ ауданында да 50 пайыздық жоспар орындалып, вегетациядан кейін 30 пайыз, 20 пайыз келер жылғы вегета­ция кезеңіне дейін аяқталады деп көз­делуде.

Меркі ауданында да жағдай жоғары­да айтылған қос ауданға ұқсас. Жоба бойын­­ша жұмыстар 40 пайызға бітсе, вегета­ци­я­дан кейін қалған 20 пайызы аяқ­талмақ. Ал 40 пайыздық жұмыс ке­лер жылға қа­­лып отыр, – дейді «Қазсу­шар» РМК об­лыс­тық филиалының басшысы Ерлан Өте­генов. 

Иә, осылайша, «Қазсушар» меке­месінің басшысы «барды» бар, ал «жоқ­ты» жоқтай айтуда. Бұл әрине дұрыс шешім. Себебі «ауруын жасырғанды өлім әш­керелейтіні» байырдан белгілі нәрсе. 

Осы орайда айта кетерлігі, Меркі ау­данында құрылыс-монтаждау жұмыс­тарын себепсіз тоқтатқан «Трей­дин­терком» ЖШС-мен келісімшарт бұ­­­­­­­­­­зы­­­лып, жаңа мердігерді анықтау жұ­­мыс­­­тары жүр­гізіліп жатыр. 

Ал Байзақ ауданында жауапсыздық танытқан ORION CONSTRUCTION LTD ЖШС-на қатысты Астана қала­сының По­лиция департаменті тарапы­нан алаяқ­­тық фактісі бойынша тергеу амал­­дары жүр­гізілуде. Қазір бұл ауданда да жаңа мердігерді анықтау жұмыстары қолға алынған. 

Ерлан Өтегеновтың айтуынша, құ­ры­лыс жұмыстарының созылуына бір­неше фактор әсер еткен. Біріншісі, ны­сандар­дың жобалық-сметалық құ­­­­­­­­жат­­­­­та­­­масы 2017-2018 жылдары әзір­­­ленген. Ал қазір­гі құрылыс материал­дарының баға­­­сын ол кездегі құнмен са­­­­­­­­лыс­тыруға келмейді. Сондықтан «Қазсушар» мекемесі маман­дары серік­тестіктермен барынша мәмі­лелік жағ­дайда сөйлесуге тырысуда. 

Екіншіден, конкурстық рәсімдер 2019 жы­лы аяқталғанымен коронави­­рус панде­­миясына байланысты құрылыс жұ­мыстары 1 жылға кешеуілдеп бас­­­талған. 

Үшіншіден, барлық жобалардың сметалық құны түзетуден өткізілген. Мі­не, осындай жұмыстар құрылысты ерте бастауға кедергі болып, жобаларды ме­желі мерзімде аяқтауға мүмкін бермей отырған көрінеді. 

Жауаптылардың айтар уәжі – осы. Алайда бұл қуаңшылықтан болған шы­ғынның орнын толтыра алмайтыны анық. Облыстық Ауыл шаруашылығы бас­қармасы берген ақпаратқа сүйенсек, ағын су тапшылығынан алты ауданда 364 шаруа­­шылық зардап шеккен екен. 8,7 мың гек­тар егістік алқабы жарамсыз күй­­ге түскен. Басты дақылдар қант қы­зыл­­­­шасы, көп­жылдық шөп, дәндік жүгері, көкөніс сын­ды өнімдер қурап кет­­кен. Ал алдын ала бол­жамдық есеп бойын­­­­­ша шаруа­­лардың шығыны 3,7 млрд теңгені құраған. 

Күні кеше облысқа еліміздің су жаңа Су ресурстары және ирригация ми­нистрі Нұржан Нұржігітов арнайы іссапармен келіп кетті. Нұржан Мол­дия­­­рұлы сала ардагерлерінің басын қосып, ағын су мә­селесін шешуге қатысты ұсыныстарын тыңдады. Енді одан министр қандай ой түйгені белгісіз. Алайда Нұржан Нұр­­­­­жігітов Жамбыл облысының әкімі болып тұрған кезде өңірден 11 су қой­масын салу туралы бастама көтерген болатын. Бәлкім ми­нистр Үкімет үйінде отырып бұл мә­селені шеше алар. Сондай-ақ айыр қал­пақты ағайынмен де байла­ны­сы­мызды нығайтар. Әйтпесе, жылда ағын су мә­се­лесін сансыз жиындарда тал­қыға сал­­­ға­нымызбен одан түк шық­­­­­пай жат­қа­нын көз көруде. 

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы