ШҚО-дағы Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті үлескерлерден заңсыз ақша жинады деген күдікпен ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Қылмыстық істі тергеу барысында ЖШС-ның лауазымды қызметкерлері 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлердің ақшалай қаражат тартуға рұқсаты болмаса да, пәтерлерді ерте кезеңде брондау арқылы азаматтарды үлестік құрылысқа белсенді тартқаны анықталды.
Олар халықтың сенімін асыра пайдаланып, оларды алдау арқылы 606,5 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденген.
Бүгінде тараптардың қосымша келісімдер жасасуы арқылы пәтерлерді алдын ала брондау шарттары тоқтатылды, құрылыс жұмыстары жүзеге асырылмайды. Сот шешімімен ЖШС-ның құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензияның қолданылуы тоқтатылды.
ЖШС басшысына соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.