«Жетпісіңде – өрге бас» дейді жұртымыз. Ұлы Конфуций: «Жетпіс жасымда жүрегімнің қалауына ере бастадым» деген екен. Адамды жасына қарап емес, мәдениеті мен біліміне қарай бағалауымыз керек.
Белестер биігінде
1,389
оқылды

Қиялдарын қырандай сам­ғатып, құлашын кеңінен жа­зып, ғұмырын қоғамға пайдалы ең­бекке жұмса­ға­нына разы болып жү­ретін азаматтар аз емес. Олар содан нәр алады, соған марқаяды. Бүгінде жетпіс жасқа келіп, республи­­ка­мыз­дың жоғары білімі мен ғылы­­мына елеулі үлесін қосып жүрген педаго­­ги­ка ғылымдарының докторы, про­фессор Асхат Иманғалиевтің ғұ­мыр белестері бигіген көріне білуі – соның айқын айғағы.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – Батыс Қазақстан өл­кесіндегі ең ірі жоғары оқу орын­да­рының бірі. Өткен тарихи кезеңде уни­­верситеттің даму белесінде қол жет­кен табыстарға жетуіне 2000–2008  жыл­дары жоғары білім орда­сында ректор қызметінде болған, талантты ұйымдастырушы, іскер де білікті бас­шы, Қазақстан Респуб­ликасы Әлеу­мет­тік ғылымдар акаде­мия­сының ака­­демигі, п.ғ.д., про­фессор Асхат Сәлім­ұлының еңбегі ұшан-теңіз. «Аза­мат болу – парызың» дейді халқы­мыз. Бұл – баршамызға айтылған ортақ сөз. Асхат Сәлім­­­­ұлының оқытушылық жолындағы жұмысы еңбек еткен ұжымының бас­шылық қызметімен біте қайнасты.

Бұл кезеңде Қазақстанның на­рық­тық қатынастар жолына түсуі, дү­ние­жүзілік бірыңғай кеңіс­тікке шы­ғуы, жоғары мек­тептерді жаңа са­­­­­па­дағы мамандармен қамта­масыз ету үшін білім саласында тү­бірлі өзгерістерді қажет етті. Ұлттық жоғары білім беру жүйесі бүкіләлемдік білім беру жүйе­сінің үлгісіне сай келуге тиісті болды. Жоғары білім берудің көпсатылық жүйесін, сту­денттерді қабылдағанда білімін тесті­леу әдісі арқылы бағалау, оқыту үр­дісін мем­­лекеттік тілде ұйым­дастыру, қазақ тілінде төл оқу­лықтар мен оқу құрал­дарды көптеп шығаруды қолға алу және оны жоғары мектеп практи­касына енгізуде батыл қа­дамдар жасалды.

Ал бұл игі істерді жүзеге асыру мен орындалуының басы-қасында Асхат Сәлімұлының жүр­­­­гендігі бүгінгі ұжым мүшелерінің бар­­­­­­­шасына аян. Өз ке­зегінде универ­ситет қызметін ха­лық­аралық талаптар деңгейіне бағыт­талған сапа менедж­ментіне сай ұйым­дастырды. Сол уақытта ректор өз та­­­­­ра­пынан оқу үде­рісін ұйым­дас­ты­руды жетілдіру және оқу-әдіс­темелік жұмыстарға ерек­ше көңіл бөлу, ғы­лыми-зерттеу жұмыстары және ха­лық­­­­­аралық бай­ланыстарға, жаңаша оқытудың инно­вациялық техноло­гияларын оқу үде­рісіне енгізу және жаңа ақпараттық технологиялар, материалдық-техни­калық базаны нығайту, білім беру мекемелерімен байланыс, тәрбие және түлектерді жұмысқа орна­лас­тыру жұмыстары, салауатты өмір сал­тын насихаттау, студенттер мен қыз­меткерлерді әлеу­меттік қорғау мә­­­се­лелерін ерекше бақылауға алды. Ғылыми кеңестің күн тәртібіне бұл мәселелер жоспарлы түрде қарас­тырылып, нақты шешімдер алынып, іс жүзіне асырылып отырды. 

Асхат Сәлімұлының қолға алуымен Ұлттық ғылым ака­де­­­миясының және еліміздің жоғары оқу орындарының көрнекті ғалым­дарын университетке жылма-жыл жоспарлы шақырту жүзе­ге асырылды. Мысалы, олардың қата­рында уни­верситетке профес­сорлық қызметке ауысып, университет үшін ғылыми кадрларды даярлауда ерекше еңбек еткен ғұлама әдебиет­танушы ғалым, республиканың халық жазу­шысы, ф.ғ.д., профессор, З.Қаб­долов, музы­­­ка зерттеушісі, сазгер И.Жа­қанов, күйші-композитор Қ.Ахмедья­ровтар бар болатын.

Университет басшылығының нә­ти­желі жүргізген жұмыс­тарының ба­рысында шетелдің, атап айтқанда Иранның, Ресейдің (Қал­мақ универ­ситеті, Астрахан универ­­­си­­теттері) жоғары оқу орындарымен тығыз бай­ланысты жұмыстар жолға қойылды. Асхат Сәлімұлы аталған уни­верси­теттермен халықаралық бай­­ланыс орнатуға ерекше мән берді. Біріккен халықаралық конферен­циялар ұйым­дастырылып, іс-тәжі­рибелер алма­сулар жүзеге асырылды. Күні бүгінге дейін бұл универ­си­­­тет­термен тығыз қарым-қатынас өз жалғасын тауып ке­леді. Университет ректоры А.Иманға­лиевтің баста­­­масымен Атырау облы­сында жұмыс жасап жатқан «Шеврон», «ОКИОК» және басқа да шетел ком­панияла­рының өкілдерімен бірлескен жұмыс­­­тар жүзеге асты. Іскер ректор­дың басшылығымен университет ұжымы 2001 және 2006 жылдары Мем­ле­­­кеттік аттестациялық комиссиядан сәтті өтіп, болашақ мамандар терең білім мен біліктілік танытып, уақыт талабына сай жоғары деңгейден кө­ріне білді. Университеттің заман тала­бына сай өркендеуі 2000 жыл­­­дардан кейінгі уақытта ерекше бай­­­қалды. Ғы­­лымды жүйелі дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар­дың бірі – 2001 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік уни­­верситетінің жанында «Жалпы пе­­­дагогика, педаго­­­гика және білім беру тарихы, этнопе­дагогика» ма­мандығы бойынша пе­­­­дагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін беру жөніндегі диссерта­циялық Кеңестің құрылуы, оның төрағасы болып Асхат Сә­­­лімұлының бекітілуі болды. Бұл ай­­­туға оңай шаруа болғанымен, іс жү­­­зінде диссерта­ция­лық кеңес ашу үшін тиісті жұ­мыстар атқарылып, қаншама каби­неттің есігі ашылуы керек екен­­дігін ғылым са­ласында жүр­ген­­дер түйсінеді. Осы кеңестің нәтижелі жұмысы барысында тек универ­­­ситеттің ғана емес, бүкіл рес­пуб­­­ли­­­кадағы жоғары оқу орын­­дарының ғылыми әлеуеті құрамына қаншама ғылым кан­дидаттары қо­сылды де­­­сеңші. Бұл же­місті де табысты еңбекте Асекеңнің еңбегінің ерекше екендігін атап өткен абзал.

Сонымен бірге ректор баса на­­зар аударған мәселелерінің бірі – қыз­меткерлер мен студенттерді әлеуметтік қолдау болатын. Оқу ор­­­нында үздік оқуы мен қоғамдық жұ­мыс­­­тарға белсене араласатын, оқу орнының намысын әртүрлі ғылым, өнер және спорттық жарыстарда абы­роймен қорғап, жүлделі орындар ал­ғандарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге ректорлық гранттар тағайындау тәжіри­­бесін жан-жақты қалып­­­­тас­тырды. 

...Жылдар зымырап жылжыған сайын өткен өмірдің белестеріне қайта-қайта оймен орала бере­­­тін­­­дігіміз таби­ғаттың заңдылығы деп қабыл­да­ған жөн болар. Сондықтан да менің Асхат Сәлімұлымен қоян-қолтық жұмыс жасаған жылдарымда ол өте талапшыл, «тәртіпке бағынған құл емес» қағидасын ұстанған басшы, ұйымдастырушы болды.

Асхат Сәлімұлы тәртіп пен жауап­кершілікке ерекше мән беріп, рек­торат мүшелерінен соны талап ете бі­летін. Ол ең алдымен істің мәнін, жұ­­­­мыстың орайын шешетін кадр екен­дігін жете түсіне білген бір­ден-бір ректор болатын. Оның ай­­­қын айғағын мынадан көруге болады. Ол әрбір бөлімге, факультетке басшылық жа­­сауға оқу орнындағы өмірлік тә­жірибесі бар маман әріптестерін та­ғайындап, олардан өз деңгейінде жауап­кершілікті талап етті. Ректор ортақ істе сенім білдіріп, үміт артып та­ғайындалған кадрлар өздеріне мін­­деттелген жұмыстарды іскерлікпен атқаруға күш салды. Кадр саясаты өз жемісін бергені де белгілі. 2006 жылғы Білім және ғылым министрілігі тара­пынан жүргізілген кезекті мемле­­­кеттік аттестациядан сүрінбей өт­­­кендігі жар­қын дәлел бола алады.

«Істің тетігін кадр шешеді» деген қағидаға сүйенген Асхат Сәлімұлы жұ­мыс барысында кадр таңдауға ерекше мән берді десек, артық айт­­паған болар едік. Университеттің оқу-тәрбие жұ­мы­­сын жан-жақты жан­­­дандырып, одан әрі жетілдіру мақсатында білікті де білімді маман­­­дарды жинай білді. Проректорлар п.ғ.д., профессор Ғ.Има­­­­шев, б.ғ.д., профессор С.Са­ғындықова, э.ғ.д., профессор Б.Тау­­баев, т.ғ.к., доцент Ж.Таңатарова, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқ­­­­тар, ф.ғ.к., доцент Б.Әбдешов, оқу бөліміне, ф.ғ.к., профессор М.Ди­ярова, шаруа­­­шы­лық жөніндегі проректор Ғ.Шай­­марданова, Жаңа ақпараттық техно­­логия орталығы директоры С.Ид­­­­­ри­­­сов, факультет декандары – б.ғ.к., профессор Ә.Сапаров, п.ғ.к., профес­­­сор Б.Бар­­­сай, ф-м. ғ.к., профессор Б.Кен­­­жеғұлов, т.ғ.к., профессор Т.Төлеп­­­бергени, т.ғ.к., до­­цент К.Жаулин, ф.ғ.к., доцент С. Ка­­мелова, п.ғ.к. А.Нұр­­­жанова, т.ғ.к., доцент Ж.Мұста­­­фин, т.ғ.к., доцент А. Ахмет т.б. өз­де­­­рі­не тапсы­рылған міндеттерді ой­да­­ғы­­дай атқарады. Рек­тор А.Иман­­­­­­­­­­­­ғ­алиев әрдайым олар­мен ақыл­даса отырып, қоян-қолтық жұ­мыс ат­қар­ды. Кадр­лармен жұмыс өз нәти­­жесін берді. Осындай атқарылған жемісті жұ­­мыстың нәтижесінде уни­­верситет ұжымы ректордың бас­шы­­­лығымен республикадағы жоғары оқу орын­дарының алдыңғы қатарынан көріне білді. Бұл нәтиже ұжым үшін зор мәр­тебе болатын. 

Ректор факультеттегі мә­­­се­­­ле­лерді декандар арқылы ше­­­шіп отырды. Де­кандардың өкілет­­­тілігіне қол сұ­ғыл­мады, оларға өз ұжымдары алдын­да еркін де ашық жұмыс жа­­сауға жағдай жасалды. Декан­­­дардың ұсыныс-пікірлеріне ерекше көңіл бөліп, олар­дың факультетте тиімді жұмыс жа­сауына ықпал етті. Ғылыми кеңесте әрбір факультеттің жарты жылдық және жылдық есебі дәстүрлі түрде тыңдалатын еді. Бұл есепке бү­­кіл фа­культет ұжымы ерекше дайын­далатын. Факультет есебі ең алдымен деканат отырысында қарастырылып, талқы­ланатын, ұсыныс-пікірлер фа­­­куль­теттің Ғылыми кеңесінің күн тәр­­тібіне шығарылып, профессор-оқытушылар ұжымы алдында талқы­­ланып, әбден пысықталып қана уни­верситет Ғы­лыми кеңесінің күн тәр­­­тібіне шы­ғарылатын. Мұның өзі бү­­­­кіл ұжым­ның жұмысқа деген жауап­­­кершілігін арттырып қана қой­май, атқарылған жұмыстың түпкі нәтижесін көруге игі әсерін тигізгені сөзсіз болатын. Әрбір ұжым мүше­­­сінің өзіндік оқу-тәрбие үрдісі ба­­­­рысында атқаратын міндет­теріне де­­­ген жауапкершілігін арттыратын жұмыс барысында байқай­тынбыз. Бұл – ректордың талап еткен қатаң тәртібінің нәтижесінде факуль­теттегі оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмыс­тардың ойдағыдай өз дәрежесінде ат­қары­луына ерекше әсер еткендігінің кө­рінісі. Ғылыми кеңеске факультет алдында тұрған өткір мәселелер ғана күн тәртібіне шығарылатын. Бұл ректордың жұмыс барысындағы бұлжымас тәртібі болатын. Сон­­­дық­­тан да факультет декандары есеп­­­ке тия­нақты, жан-жақты дайын­­­дықпен ке­­ле­тін. Бұл да факультеттегі атқа­рыл­ған жұмыстардың тиімділігін арт­ты­рудың бірден-бір жолы болатын. Жұмыс барысында декандардың қыз­метіне орынсыз араласпаушы еді. Со­ның нәтижесінде декандар фа­­­куль­­­­­теттегі оқу-тәрбие жұмыс­­­­тары­ның ойдағыдай жүргізілуіне, профес­­­сор-оқы­тушылар арасындағы қа­­­­­­­­рым-қа­тынасты рет­­­теуді, студент­терді оқуға қабыл­дауды, студенттердің білімін қадаға­лауды, олардың жатақ­ханаға орна­­­­­ласуы, тәрбие жұмыс­тарын жүргізу, әртүрлі жағ­дайларға орай шы­ғып кеткен студенттердің оқуға қабыл­­дануы мен оқудан шыға­­рылуына дейінгі мәсе­лелерді декан­­дар тарапы­нан оң шеші­мін тауып жа­татын. Жұмыс жасаған жылдары­мызда осын­дай жұмыс­­тардың бары­­сында ректор мен қыз­­мет­­­­­керлер ара­­сында іскерлік байла­­­ныстың жақсы орныққанының куәсі болдық.

Ректор тарапынан студенттерге министрлік арқылы жүргі­­зілетін «Ара­лық мемлекеттік бақы­лау» жұмыс­тары кезінде қатаң талап пен тәртіп ерекше күшейетін. Оның да өзіндік себебі баршылық. Студент алған білімін дәлелдей білуі шарт болатын. Бұл де­геніміз – бүкіл уни­верситет ұжымы еңбегінің жемісі көрі­нетін жұмыс. Сондықтан да оған дайындық жыл бойы жүргізіліп, рек­тордың жеке ба­қылауында болатын. Кез келген уа­­қытта студенттердің дайындығы жө­­­нінде ректор сұрай қал­ғанда декандар мен кафедра меңгерушілері тас-түйін дайын екен­дігін байқататын. Міне, тәртіп!

Асхат Сәлімұлының ұйымдас­ты­рушылық қабілеті жұмыс бары­­­­­­сында айқын көрініп тұрушы еді. Оның мысалдары көп-ақ. Қандай да іс-ша­ра­­лар өткізілсін, оның сапалы өтуі­­не де мән беріліп, алдын ала тиянақты жоспар жасақталып барып, жүзеге асыруды жолға қойды. Халықаралық, республикалық, ай­мақтық т.б. түрлі конференциялар өте жоғары деңгейде өтуіне ерекше көңіл бөлініп, оған жауапты әрбір адамның міндеттерін айқын нақтылап, тап­сырма беретін. Атқарылған жұмыстар туралы сол тапсырмаларға жауапты адамдардан сұралатын. Бұл да тәр­тіптің бір көрі­­нісі. Оның бір ғана жарқын мысалы, 2000 жылы сәуір айының 24-25-күндері университетте тұ­ңғыш рет респуб­­ликалық «Дос­­мұхамедов оқулары» өткізілуі бола­­­тын. Оған республи­­­каның белгілі Халелтанушы ғалым­­­дары қатысты. Бұл дәстүр күні бүгінде жалғасын тауып келеді. Ал 2003 жылғы Махам­бет Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Махам­бет – ерлік пен елдіктің өшпес рухы» атты халық­­­аралық ғылыми-прак­­­тикалық кон­ференция өте жоғары деңгейде өткендігіне шетелден және бүкіл рес­публиканың түкпір-түк­­пірінен келген қонақтардың куә бол­ғандығы. 

Ректор Асхат Сәлімұлының ұйым­­дастыруы мен басшы­лығы ар­­қылы университет ұжымы облыс және қала көлемінде өткі­­зі­летін барлық мәдени шараларға, республиканың қоғам және мемлекет, ғы­­лым мен мәдениет қайрат­­кер­лерімен кездесулерге, әр­түрлі мей­рам­­­­дарға, сенбіліктерге бел­сене қа­тысты. Бұны неге айтып отыр­мыз. Ректор университет қоғамның және облыстың айнасы болуға тиісті де­ген қағиданы басшылыққа алды. Шын­ды­­­­ғында да, республика, облыс көле­міндегі ірі-ірі мәдени-саяси іс-ша­ралар университет базасында өте жоғары деңгейде өткізілді. Асекең жас ұрпақтың, жалпы халықтың ру­­­хын көтеру бағытындағы көптеген шара­­­лардың басы-қасында жүрді. 

Асхат Сәлімұлының жоғары білім саласындағы ұлан-ғайыр еңбегі мем­лекет тарапынан лайықты баға­ланып, «Парасат» орденімен (2005), сонымен қа­тар «Ы.Алтынсарин» (1990), «Қа­­­зақ­­­стан Республикасының білім беру үз­дігі» (1998) төсбелгілерімен, «Қазақ­­­­стан Республикасының Тәуел­сіздігіне 10 жыл» (2001), «А. Бай­­тұрсынов атындағы» медальдармен (2003), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2003) төсбелгісімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен (2005), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы үлесі үшін» (2007) төсбелгілерімен, 2012 ж. ха­лық­­­­тар арасындағы достықтың ны­ғаюына, ғылым мен білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін Қалмақ Респуб­ликасы (РФ) Үкіметінің Мақ­тау қаға­зымен марапатталды.

Адамның өмірінде, әсіресе басқа­­лар­мен қарым-қаты­­насында, сөз сап­тауымен қатар, кес­кін-келбеті, тұр-тұлғасы, өзін ұстай білуі де қоғамда үл­кен орын алады. Үлкенмен де, кіші­мен де тең сөйлесіп, қай уақытта да адамгершілік пен па­ра­­­­­­саттылықты, өзіне деген қатаң та­лап пен ізденім­­паздықты биік мақ­­сат тұтқан, жас ұр­пақтың ертеңі үшін аян­баған ғалым-ұстаз, ұзақ жылдар жоғары білім сала­­сында басшылық қызметте болған әріптес ағамыздың өмір жолы осындай еді. 

Ендеше Асхат Сәлімұлының бел шешіп қызмет істеген, бел­­ді белестерді бағындырған кемел шағынан айтпақ болған қысқаша әң­­гімеміз осы бола­­­тын. Ұжым атынан тілегіміз «Бойда сарқылмас қуат, ойда асқақ мұрат от шаша бергей!»

Аққали АХМЕТ,

Х.Досмұхамедов атындағы 

Атырау университеті 

«Мәңгілік ел» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, 

тарих ғылымдарының докторы, профессор