«Қазгидрометтің» хабарлауынша, ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында, осыған байланысты күн ашық болады.
Тек еліміздің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарында циклон әсерінен жауын-шашын көп жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жел күшейеді, республиканың шығысы мен солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан аймағының кейбір жерінде тұман түсіп, Ақтөбе облысында көктайғақ болады.