Инвестициялық жобаларды талқылады
Инвестициялық жобаларды талқылады
359
оқылды
Мемлекет басшысы Еуро­па­лық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартиді қабылдады.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сума Чакрабарти Қа­зақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы қаты­нас­тардың қазіргі ахуалы мен ын­ты­мақ­тастықтың алдағы перс­пек­­ти­ва­ларын, оның ішінде бір­лес­кен инвестициялық жоба­лар­дың жүзеге асырылу барысын тал­қ­ы­лады. Тараптар коронавирус індеті­нің теріс әсері жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуы туралы пікір алмасты. Сума Чакрабарти Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, осы аралықта елімізде атқарылған саяси және экономикалық ре­формаларға, әсіресе «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұ­жырымдамасына жоғары баға берді.
– Лондондағы бас офисіміздегі команда мен Қазақстандағы өкі­л­­­дік­­тің пікірінше, Сіздің біліміңіз бен ха­­лықаралық қатынастағы мол тәжірибеңіз еліңіздің да­муына елеулі үлес қосады. Біз Сіздің бар­лық бастамаларыңызды қол­дай­мыз, Пре­зи­дент ретінде бір жылда ат­қар­ған табысты жұмыста­рыңыз­ға ризашылық білдіреміз, – деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы.