СІМ Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
СІМ Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Фото: Интернеттен алынды
358
оқылды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғаны жөніндегі ақпарат расталмаған.
«Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Бұл ақпарат расталмаған, себебі Қазақстанның Сеулдегі елшілігінің атына корей тарапынан ешқандай да ресми хабарлама келіп түспеген. Біздің дипломаттар кореялық әлеуметтік желілерде таратылған ақпараттың нақтылығын анықтауда» делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғаны жөнінде ақпарат тараған еді.