Ширек ғасыр тарихы бар компания елімізде жаңа әкімшілік бірліктер ашылуына орай қанатын кеңге жайып келеді. Сондай өңірдің бірі – Абай облысы. Ұлы ақынның туған топырағында жұмысын бастағанына аз уақыт болғанына қарамастан, қаржы ұйымы жемісті еңбек етіп келеді. Мәселен, Абай облыстық филиалы 2022 жылдың желтоқсан айында құрылған. Семей қаласында орналасқан бөлімше 2023 жылдың басынан бері облыстың кәсіпкерлік субъектілерін жалпы сомасы 7 043 млн теңге болатын 380 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға қаржы берген. Сондай нысандардың бірі – 2013 жылы отбасылық шаруа қожалығы ретінде құрылған «Атасу» ШҚ. Он жыл бұрын Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылында шаруашылық қызметін бастаған бұл қожалық бидай, сұлы, арпа және тағы басқа да дақылдар егуге ден қойған. Ауыл шаруашылығы техникасын үнемі жаңартып отыратын «Атасу» шаруа қожалығы осы уақытқа дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен етене әріптестікте қызмет етіп, 700 миллион теңгеден астам сомаға ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Олар – тракторлар, тұқым сепкіштер, комбайндар және тағы басқа да ауыл шаруашылығы техникалары. Шаруашылықпен қатар, маркетинг қызметін де жолға қойған қожалық басшылығы бұл қызметтің ақпараттарын шебер пайдаланып, өнім өткізу кезінде төлем қабілеті жоғары, сенімді сатып алушыларды таңдайды, өз өнімдерін ұтымды бағамен сатады. Одан бөлек, «Атасу» ШҚ жыл сайын Астана, Алматы және Абай облысындағы қалаларда өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қатысады. Шаруа қожалығының өңірдің экономикасына, әлеуметтік жағдайына да қолдауы үлкен. Мысалы, Аягөз қаласының дамуына қосқан үлесі үшін 2018 жылы «Аягөз мақтанышы» медалімен және грамотасымен марапатталған, Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.Есенжарованың көп жылғы адал еңбегі үшін алғысхаттарын алған.
Әрине, бұл жетістіктерде біз сөз етіп отырған «ҚазАгроҚаржы» компаниясының да үлесі бар. Осыдан 24 жыл бұрын құрылған шақта ауыл шаруашылығы саласындағы басты мәселе – техника паркін жаңарту миссиясы жүктелген қаржы ұйымы содан бері «Сапалы және бәсекелі лизингтік қызметтер ұсыну жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыруға жәрдемдесу» міндетінен айныған емес. Енді бүгінде ол Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы лизинг нарығында көшбасшыға айнылып отыр. Бұл саланы қазіргі заманғы және жоғары технологиялық техникамен қажеттілігіне қарай қамтамасыз етіп келеді. Қоғам Жарғысында көрсетілген келесідей қызмет түрлерін жүзеге асыруда. Бүгінде компанияның Қазақстанның барлық аймақтарында 15 филиалы бар, еншілес кәсіпорындары жоқ. Құрылған 1999 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ агроөнеркәсіп кешеніне 1 333,4 млрд теңге инвестиция құйған екен. 2000 жылдан бергі лизингке алынған техника саны – 73,5 мың бірлік. Биылғы 1 тамыз күнгі жағдай бойынша оның 11 856 белсенді қарыз алушысы бар.
Осынау жетістіктердің табиғатына терең үңіле түсер болсақ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсынатын бағдарламалардың кең ауқымы ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін кез келген дерлік машиналарды немесе жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік береді. Соның ішінде «Экспресс лизинг» немесе «Мастер лизинг» сияқты арнайы бағдарламалар тұтынушылар үшін техника паркін жаңартуға керек міндетті шығындарды дұрыс жоспарлауда үлкен көмек. Мәселен, «Экспресс лизинг» бағдарламасы бойынша өтінімді қарастыру мерзім – 5 күн! Қазақстанда мұндай жылдам шешімді тек «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы ғана ұсына алатынын мақтанышпен атай кету керек.
Ал «Мастер лизинг» бағдарламасы арқылы бір жылға несие желісін ашуға болады. Бұл одан кейінгі несиелеу процесін жеңілдетеді. Лизингтің стандартты шарттарынан бөлек компанияның «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бар. Ол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мемлекеттік қолдау бағдарламасын сәтті жүзеге асыруға болады.
2023 жылдың 26 маусымында «Өзіміздің жем», «Қазақстанда жасалған», «Жасыл өнім», «Жеңілдікті лизинг» сияқты 4 бағдарлама іске қосылды. Мал шаруашылығының азық базасына қажеттілігін қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі мен мал өнімдерінің көлемін арттыруға бағытталған «Өзіміздің жем» бағдарламасын жүзеге асыруға 20 млрд теңге бөлінген. Ал «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы отандық өндірістен немесе құраудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын лизингке қаржыландыруға бағытталған. Бағдарламаны қаржыландыруға 15 млрд теңге жұмсалмақ. «Жасыл өнім» бағдарламасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін (көкөністер, жеміс-жидектер, қант қызылшасы) өндірушілерді жеңілдікпен қаржыландыруды мақсат етеді. Оны жүзеге асыруға 10 млрд теңге қарастырылып отыр.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ мемлекет басшысының саясатын белсенді түрде жүзеге асырып, техника сатып алуға лизинг беру арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін нығайтуға жан-жақты көмек көрсетуде. Компания 1999 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» 1999 жылғы 24 қарашадағы №1777 Қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығындағы негізгі мәселелердің бірі – техникалық паркті жаңарту жағдайын шешуге көмектесу мақсатында құрылған. 2022 жылдың 25 шілдесінен бастап компания – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның еншілес ұйымы. Өз кезегінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі. Компания өз қызметін «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға және әлемдегі корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне сәйкес жүзеге асырады. Қоғам жалғыз акционердің мүддесі үшін жұмыс істейді, жалғыз акционер мен Директорлар кеңесіне есеп береді.