Nobel Fest жақындап қалды – Қазақстандағы барлық жанкүйерлер мен ғылым әуесқойлары үшін көптен күткен оқиға. Әлемнің түкпір-түкпірінен Қазақстан халқымен кездесу үшін жаһандық ғылымның жетекшілері: Нобель сыйлығының лауреаттары, Breakthrough Prize (ғылыми Оскар) сыйлығының лауреаттары, зерттеушілер, әзірлеушілер, футурологтар және басқа да прогресс жасаушылар келеді.
Астанада өтетін Nobel Fest аясында қандай іс-шаралар болады? – Нобель иегерлерімен таңғы ас. Ратовичтің концерті. BMW X5 дизайнерімен сессия
668
оқылды

Фестиваль бағдарламасы жасанды интеллекттен бастап климаттың өзгеруіне, экономиканың болашағына, стартаптар мен еңбек нарығына, ғылымның жаңа шекарасы мен адамзат болашағына дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтиды.

Үздік спикерлер әртүрлі салалардағы өзекті тақырыптарды талқылайды.

Фестивальге Нобель сыйлығының Peace Prize саласындағы лауреаты, № 1 климат және тұрақты даму жөніндегі сарапшы Рае Квон Чунг қатысады. Ол фестивальде «+ 1,5 градус. Біз әлемнің құлдырауын тоқтатып үлгереміз бе?» деген  тақырыпта сөз сөйлейді.

Әлемге әйгілі футурологтар, инновациялар бойынша ықпалды визионерлер тобына (Wired) кіретін Герд Леонгард, «Адамға қарсы технологиялар» бестселлерінің авторы, сонымен бірге SAP-тағы Future Hub басшысы Мартин Везовски біздің болашақтан не күтетінімізді және алдағы уақытта болуы мүмкін қауіп-қатерлерді талқылайды.

Силикон алқабының білгірі, жоғары технологиялар саласындағы ең ықпалды қырық ғалымның бірі (time Tech 40 бойынша) Вивек Вадхва үнемі өзгеріп тұратын ортадағы классикалық бизнестің ертеңі туралы пікірталасқа қатысады.

Әлемдегі ең ықпалды АВТО дизайнер, Mini Cooper дизайн тұжырымдамасын жасаушы, BMW X5, Ferrari F430, Maserati, Frank Stephenson Design (FSD) негізін қалаушы Фрэнк Стивенсон автомобиль индустриясының болашағы мен өнеркәсіптік дизайн трендтері туралы әңгімелейді.

Сондай-ақ, көрермендер алдында құны 11,5 млрд болатын Rippling - № 1 персоналды басқару стартапының негізін қалаушы және бас техникалық директоры, инноватор Прасанна Санкар және басқалар сөз сөйлейді.

Айта кетсек, ғылымнан басқа, фестиваль қонақтары мәдени іс-шараларды да тамашалайды. Nobel Fest кезінде танымал қазақстандық пианист Ratovich қойылымы ұйымдастырылады. 

Фестиваль қатысушылары Нобель сыйлығының лауреаттарынан арнайы сертификаттар ала алатынын атап өтеміз. 

Қазақстандағы тұңғыш Педагогтер саммиті

Сондай-ақ, фестиваль аясында ұстаздарың бірінші саммиті ұйымдастырылады, оған қатысу үшін Астанаға әлемнің үздік мұғалімдері жиналады. Олар өз тәжірибелерімен, балаларды ең тиімді және нәтижелі оқытудың әдістерімен бөліседі. 

Ұстаздар саммиті – бұл мұғалімдерге, ата-аналарға және мектеп басшылығы үшін кәсіби білім беру платформасын құруға бағытталған бастама.

Саммит осы айтулы шара аясында білім саласына ерекше назар аудару мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Саммит қонақтарын шеберлік сабақтары, тренингтер, басқа да интерактивті және қызықты форматтағы іс-шаралар күтеді. "Global Teacher Prize" сыйлығының лауреаттары бірқатар ашық сабақтар өткізіп, қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасады.  

Хэдлайнерлер арасында әлемдік педагогика жұлдыздары – білім беру саласындағы жаңашыл ұстаз және 2021 жылғы Global Teacher сыйлығының жеңімпазы Кейшия Торп, Innovative Researcher of the Year сыйлығының иегері Ранжит Дисале, Израильдегі Вейцман институтының жаратылыстану ғылымдарын оқыту департаментінің басшысы, профессор Авраам Аркави, "Білім беру бағдарламаларындағы халықаралық көшбасшылар" (ILEP) бағдарламасының қатысушысы Эванс Одей сияқты басқа да көрнекті оқытушылар болады.

Нобель сыйлығының лауреаттарымен таңғы ас 

Nobel Fest ұйымдастырушылары жоспарлаған басқосуға қатысушылар таңғы ас ішіп, Нобель сыйлығының лауреаттарына, жетекші әлемдік ғалымдар мен университеттерінің профессорларына кез келген сұрақтарын қоя алады. 

Ол 6 қазанда Астанада өтеді. Қонақтар арасында барлық Нобель фестивалінің хэдлайнерлері болады.

Таңғы асқа қатысушы қазақстандықтар үшін ұйымдастырушылар ұшып келу мен Астанадағы қонақ үй ақысын төлейтінін атап өту маңызды

Google және Nike жетекшілері қатысатын Гарвард профессорының семинары

Елордада кәсіпкерлер, стартапшылар және бизнес пен технологияға қызығушылық танытқандардың барлығы үшін бірегей шара өтеді. Бұл - Силикон алқабының гурусының пайдалы семинары.

Вивек Вадхва - жаңа технологиялар бойынша сарапшы, Стэнфорд және Гарвард профессоры, ол бес компанияны бірнеше миллиард долларлық IPO-ға шығарды. Foreign Policy журналы оны әлемдегі 100 жаһандық ойшылдардың бірі деп атады, сонымен қатар Вивек Вадхва Time журналының Tech 40 тізіміне еніп, технология саласындағы ең ықпалды қырық ғұламаның бірі болды.

 Осы көрнекті сарапшының екі күндік семинары 8-9 қазан күндері Nobel Fest фестивалі аясында өтеді.

Вивек Вадхваның шеберлік сабағы 25-тен астам елде жүздеген бизнес көшбасшыларына жеке істерін кеңейтуге көмектескен. Google, Microsoft, IBM, Nike, жапондық Fujitsu компаниясы, энергетика саласындағы америкалық көшбасшы NextEra Energy, малайзиялық Sime Darby конгломераты және басқа да ірі әлемдік корпорациялардың менеджерлері мен қызметкерлері оның курсынан тәлім алған.

 Пайдалы курс қазіргі инновациялар дәуірінде компаниялардың қалай құрылатыны және бейімделуі, бизнесті қалай ұлғайту керектігі, алдағы 20 жылда қандай нишалар сұранысқа ие болатыны және жаңа форматтағы кәсіпкерде қандай қасиеттер болуы қажеттігі туралы түсінік береді.

Семинар - нетворкинг үшін тамаша мүмкіндік, қатысушылардың арасында 100 жетекші қазақстандық бизнесмендер де болады. Іс-шара қазақ және орыс тілдеріне ілеспе аудармамен өтеді.

Ұйымдастырушылар – Young Presidents Organization Kazakhstan іскерлік клубы және Nobel Fest командасы.

Фестиваль барысында сондай-ақ Бүкіл университеттік ғылым және технология көрмесін (VNTV) өткізу, студенттер мен Қазақстанның ғылыми қоғамдастық өкілдеріне Нобель сыйлығының лауреаттарынан ашық дәрістерін өткізу жоспарлануда. Тыңдаушыларға ыңғайлы болу үшін спикерлердің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне ілеспе аудармасы қамтамасыз етіледі.