Жойылып кеткен жануарлардан РНҚ молекулаларын қалпына келтіру шығарып алу тәсілін швециялық ғалымдар тапты. New Atlas технологиялық жаңалықтар сайтында жарияланған мақалада 100 жыл бұрын жойылып кеткен тилацин жыртқышының РНҚ үлгісін толық қалпына келтіргені айтылады. Осы материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz ежелгі жойылып кеткен жануарларды қалай қалпына келтіруге болатынын түсіндіреді.
Фото New Atlas сайтынан алынды. Авторы: NFSA/Composite Films
Ең соңғы тилацин жыртқыш жануары бір кездері бүкіл Австралияда кең таралып, соңғы бірнеше мыңжылдықта Тасмания аралында оқшау өмір сүрген. Ауылшаруашылық жерлердің зиянкестері деп еуропалық алғашқы отаршылдар үшін оңай олжаға айналған. Ең соңғы тилацин 1936 жылы ғана тіркелген.
Colossal Biosciences генетикалық компаниясы гендік инженерия әдістерін қолдана отырып, тилацинді тірілту ниеті туралы хабарлады. Компанияның «қайта тірілту» тізімінде тилациннен басқа 12-14 мың жыл бұрын жойылған мамонттар мен XVII-ғасырда жойылған дронт құсы да бар.
Генетикалық компанияның ғалымдары тилацин геномын толығымен қалпына келтіре алды. Бірақ бұл ДНҚ жобасы шын мәнінде биологиялық шытырман жұмбақтың бір бөлігі ғана: ғалымдарға оның «транскриптомы» немесе гендердің дененің әртүрлі ұлпаларында қалай реттелетінін егжей-тегжейлі сипаттайтын РНҚ үлгісі қажет.
Төмендегі видеода ежелгі адамдардың мамонттарды аулау әдістері көрсетілген:
Бұл жұмбақты шешуге швециялық ғалымдар алғашқы қадам жасады. Швеция ұлттық тарих мұражайында сақталған 130 жыл бұрын өмір сүрген тилациннен РНҚ үлгілерін жинап, ежелгі РНҚ алудың жаңа әдісін әзірледі.
Олар жануардың терісінен және бұлшықет тінінен жүздеген миллион РНҚ фрагменттерін бөліп алып тазартқан. 1,5 миллион бұлшықет РНҚ тізбегі мен 2,8 миллион тері РНҚ тізбегі қалпына келтірген. Бір қызығы, ғалымдар командасы тилацинде өмір сүретін вирустардың РНҚ молекулаларының бірнеше фрагменттерін де анықтаған.
Бұл зерттеу басқа да ежелгі жануарларды тірілтуге жақсы негіз бере отырып, тилациннің толық бейнесін жасауға көмектеседі. Әрине, бұл әлі де ұзақ жол болуы мүмкін.