Жамбылда жанармайды жасырын жолмен Қырғызстанға асырған, – деді КТК арнасы.
Телеарнаның хабарлауынша, пысықайлар жер астымен құбыр жүргізіпті. Алаяқтардың қулығын шекара қызметкерлері анықтаған.
Нағыз жұмыртқадан жүн қырыққандардың әрекеті дерсің. Оңай олжаға дәніккендер бензинді заңсыз тасымалдаудың тиімді тәсілін ойлап тапқан. Ол үшін ұзын пластикалық құбырды жер астына көміп қойған. Оның бір ұшы Қазақстан бөлігінде болса, екінші басы – Қырғызстанда.
Осылайша, бергі беттен құйылған бензин арғы жаққа еш кедергісіз жеткізіліп отырған.
Дегенмен құзырлы орындар «пысықайлардың» атын атамады. Қазір аталмыш дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.