Бұл дәріні ішкен адам тренажер залына барып бірнеше сағат жаттығу жасағандай дене салмағын азайтады, жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алады. Жануарларға жасалған тәжірибе ғалымдардың осындай жорамалын дәлелдеген. Спортпен шұғылданбай-ақ дәрі ішіп, бұлшық етті шынықтыруға бола ма?
Салмақты түсіріп, бұлшық етті өсіретін дәрі жасалды
1,366
оқылды

Қарапайым дәрінің көмегімен салмақ жоғалтатын тәсілдердің жаңа дәуірі басталғанын NewAtlas сайтында жарияланған материалдан белгілі болды. Ғалымдар адамның бұлшық еттері спорттық жаттығулар жасағандай өзгертетін дәрі жасауға бір қадам жақындаған. Мұндай дәрінің адам ағзасына қалай әсер ететінін Aikyn.kz технологиялық сайтта жарияланған мақалаға сілтеме жасай отырып, түсіндіреді. 

Фото Depositphotos сайтынан алынды. Авторы: OsakaWayne Studios

Ozempic және Vegovi компаниялары шығаратын семаглутид сияқты дәрілердің көмегімен салмақ жоғалтуға болатыны белгілі.

Ал америкалық ғалымдар бұлшық еттерді қарқынды жаттығулардан өткендей әсерге келтіретін дәріні жасауға бір қадам жақындады.

Жаттығу миметикасы деп аталатын дәрілер май алмасуын жылдамдататын және бұлшық ет массасының ұлғаюына ықпал ететін механизмді іске қосу арқылы физикалық жаттығулардың әсеріндей нәтиже береді.

Флорида университетінің фармацевтика профессоры Томас Буррис: «Бұл қосылыс негізінен қаңқа бұлшық етіне төзімділік жаттығулары кезінде болатын өзгерістерді тудырады», – дейді.

Жаттығу миметикасы біраз уақыттан бері дамып келе жатқанымен, Флорида университетінің зерттеушілері SLU-PP-332 деп аталатын қосылыс қаңқа майының тотығуын күшейтетін, осылайша энергия шығынын көбейтетін эстрогеннің жұмысын жылдамдататын анықтаған.

Фото ruposters.ru сайтынан алынды

Тышқандарға жасалған тәжірибеде семіз тышқандардың бақылау тобымен салыстырғанда, күніне екі рет SLU-PP-332 препараты берілген тышқандар тобы 10 есе аз май жинағаны, сонымен қатар арнайы диета мен физикалық жаттығусыз дене салмағының 12%-ын жоғалтқаны белгілі болған.

Олар дәрі қабылдап қана көбірек энергия жұмсаған.

Дәрі берілген тышқандар емдеуге дейінге қарағанда 50%-ға алыс қашықтыққа жүгірген, бұл дәрілердің жүрек бұлшық еттерін қалай күшейтетінін дәлелдеген.

«Сіз тышқандарды препаратпен емдегенде, олардың бүкіл дене метаболизмі май қышқылдарын қолдануға жұмыс істей бастағанын көресіз, бұл адамдар ашығумен емделуге немесе жаттығулар жасаумен өте ұқсас нәтиже береді. Жануарлар салмағын жоғалта бастайды», – деп түсіндірген профессор Буррис.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Anastasiia Krivenok

Жаңа табылған дәрілер класы ас қорытуды бәсеңдететін семаглутид сияқты салмақ жоғалтуға арналған дәрілерге ұқсамайды. Семаглутид әсері қауіпті де болуы мүмкін, өйткені жылдам салмақ жоғалту бұлшық ет массаларының да азаюына әкелуі мүмкін.

Зерттеушілер жаттығу миметикасы салмақ жоғалтуды емдеуден басқа қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуде қолданылуы мүмкін. Олар бұл препарат жаттығу мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмірін өзгерте алатынын айтуда.

Сонымен қатар бұл қосылыстардың ми қызметі мен когнитивті денсаулықты қалай жақсарта алатыны да зерттеліп жатыр. Қарт адамдардың өмір сапасын жақсартуға да жаңа дәрінің көмегі болуы мүмкін.