Президент Қ.Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығы негізінде «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссия» құрылып, жұмысын бастап кетті.
Балаларға төнген нәубет
1,226
оқылды

Жұмысты әр тараптандыру мақсатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жанынан 4 кіші жұмысшы тобы құрылды.

«Саяси қуғын-сүргін кезіндегі түрлі зорлық-зомбылық, саяси науқандар мен аштық кезінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған босқындарды, дәстүрлі дін өкілдерін зерттеу жөніндегі» кіші жұмысшы тобының алға қойған мақ­саты – Әулиеата өңірінде 1920–1953 жыл­­­­­­­­дардағы қуғынға ұшыраған дін өкілдерін, діни орындарды анықтау, нәубет жыл­­­­­дары аштықтан қайтыс бол­­ған адамдар­­­­­дың жерлеу орындарын нақ­­тылау және жетім қалған балаларға ар­налған балалар үйлері мен тәр­­­­­бие­­­­­­ленушілердің тағдыры туралы архив қорларына зерделеу жұ­мыстарын жүргізу.

Өздеріне жүктелген жұмысты атқару барысында Жамбыл, Түркістан облыс­­­­­­­тарының, Алматы қаласындағы мемле­­­­­кеттік және Президент архивтерінде тақырыпқа сай сақталған қорларға зер­­де­леу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жам­был облысы құрылғанға дейін, яғни 1939 жылға дейін облыс Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құ­­­­­ра­­­­­­мында болған. Ал архивтік құжаттарда Әулиеата бойынша аталмыш екі облыс­тың жалпы статистикасы беріліп отыра­ды. Нақты ақпаратты бөліп алу қиынды­ғы туындауда. Сонымен қатар топ мү­­­­­­­­­­­ше­­­лері ашаршылық жылда­рындағы жерлеу орындарын анықтау және ел жадында сақталған нәубет жылдарына қатысты материалдар жинау мақсатында облыс көлемінде елді мекендерді аралап көнекөз қарттармен, өлкетанушы-тарихшылармен кездесулер ұйым­­­­дастырды.

Ашаршылық қазақ даласына кеңес­­­­­тік биліктің орнауымен қатар келді де­­­­­сек артық болмас. Кеңестік жүйедегі мем­­­­­­­­ле­­­­­­­кеттік экономиканы қалыптас­­­­­­тыру саясатында кеткен қателіктермен қа­тар асыра жоспарлау және жоспарлы экономиканы таңдау халықтың әл-ау­­­қатын төмендетіп жібергені белгілі. Сон­­­­­дай-ақ азамат соғысы да елдің еңсе­­сін төмендеткен болатын.

Ашаршылықтың алғашқы белгілері 1921 жылы біліне бастағанымен 1922–1923 жылдары Ресейдің оңтүстік аума­­­­­ғында, Украина мен Қазақстанның сол­­­түс­­­­тік аумақтарында ашаршылық жалпы белең алды. Ашаршылыққа қатты ұшы­­­рағандар қарапайым шаруалар мен жа­­тақтар болды. Халық азық-түлік іздеп, ішкі өлкелер мен басқа көршілес елдерге жаппай көше бастады.

Нәубет жылдардың (1921–1923 жж, 1932–1934 жж.) қиындықтары мен қасі­ретін көп тартқан балалар болды.

1923 жылы Сырдария облыстық халық ағарту бөлімі, инспекция бөлімі төмендегідей ақпарат береді: «Ввиду того, что 1921, 22 году, вследствие голода, дети частично были переданы местному населению на содержание- «в дети» и токовые в списки по рэвакуации дети не попали, так как не жили в учереждениях Н.К.П. Потому областная инспекция пологает, что списки должны быть увелечены на 25% и необходимо широко оповестить всех об эвакуации.

Списки храниться в областном Инспекции.

План рэвакуации следующии:

1. Очередь – гор. Ташкент, Таш­­кентскии уезд и Мирза-Шульскии уезд.

2. Очередь – Аулиеатинские и Чим­­кентские уезды.

3. Очеред – Туркестанские, Перовские и Казалинские уезды».

Аталған өңірлерден тізім бойынша рэвакуацияға ілінген балалардың жалпы саны 2029 (осыған 25% тізімге ілінбеген балаларды тағы қосса, 507 бала, барлығы 2 536 бала).

Олар 1923 жылы 27 маусымда Самара губерниясына – 786, Орынбор губ. – 483, Саратов губ. – 42, Қазан губ. – 139, Сибирь. губ. – 27, Челябинск губ. – 36, Москва губ. – 60, Нижный-Новгород губ. – 27, Рязань губ. – 19, Уфа губ. – 60, Орал губ. 56, Торғай губ. – 41, Омск губ. – 23, Воронеж губ. – 25, басқа да губернияларға 160 бала кері қайтарыл­­­ған. Соның ішінде Әулиеата уезіндегі балалар үйі мен жекелеген тұрғындардың қолында тәрбиеленген 741 бала болған (Түркістан облыстық архиві 160-ф. 27-тіз. 396-іс. 5-бума).

Себебі 1921–1922 жылдары ашар­­­­­шылық кезінде Еділ бойында, Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аудан­да­рында болған қатты ашар­­­­шы­­лықтан зардап шек­­­­­кен халық оң­­түстікке қарай Қазақ­­­стан мен Өзбек­­станның аумағын бетке алып үдере көшкені белгілі. Ба­ла­­­лар Ко­мис­сиясы ашыққан бала­­лар­ды осы өңір­­лерге әкеліп, уездер бойын­ша бала­лар үйлері мен жеке тұр­­­ғындарға бағу мақ­­­сатында таратқан болатын.

Жалпы, Қазақстандағы ашаршылық жайлы айтылғанымен, балалардың тағ­­­­­ды­­ры туралы ақпарат жоқтың қасы. Жо­ға­­­­­­­рыдағы берілген ақпараттарға қа­­рай отырып жиырмасыншы жылдар­­дың ба­­­­сында Әулиеата уезінде жетім балалар­­­­­­дың арнайы үйі болғандығын аңғаруға болады.

1926–1927 жылдары Әулиеата қала­­­­­­лық-уездік Балалар комиссиясының отырыс­­­­­­­­­­­­­тарында балалар үйінің мате­­­­­риал­­­­­дық жағдайын жақсарту және қарау­­­сыз жүрген (безпризорник) бала­лар­мен жұмыс жүргізу туралы мәселелер қаралған. Бірақ та балалар үйінің саны мен тәрбиеленушілер туралы ақпарат кездеспеді.

Голощекиннің 1925 жылы «Қазақ­­­­станда «Кіші октябрь революциясын» жа­сау керек» деген қажетсіз саяси көзқа­расымен қатар Қазақ даласында 1927–1928 жылдары жаппай ұжымдастыру (колхоз құру) шарасының қарқын алуы, дін өкілдерін ашық қудалау, бай-кулак­тардың және орта шаруалардың мал-мүлкін тәркілеу (асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын), қазақ халқын өзі­нің негізгі шаруашылық жүргізу тәртібі­нен айырудың салдары отызыншы жыл­дардың ашаршылығына әкеліп соқ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­тыр­­­­­­ған­дығы тарихтан белгілі.

Қазақстанның атқарушы билігі 1931 жыл­­­­дың бірінші жартысы мен 1932 жылдың наурызына дейін елдегі ашаршы­­­­­лықтың белең ала бастағаны ту­­ралы орталық комитетке ақпарат бер­­­меуге тырысқан, негізгі себеп – ор­­талық­­тың берген экономикалық жос­­­­­­­па­рын орындау.

Билік халықтың қаншалықты ашық­­­қанын жасырғанымен қазақтың зиялы қауымы нәубеттің алдын алу, бетін қай­­­тару үшін қаншама күш салғанын біле­міз. Қазақстанды ашаршылық жайлаға­­ны туралы және Ресей Федерациясының Еділ бойына, Батыс Сібірге, Қырғыз­станға, Өзбекстанға қарай халықтың ағыл­­ғаны туралы ақпараттар тарай бас­тайды. 

Елдің қалалық аймақтарына бос­­қын­­­дармен қатар қараусыз бала­­­лардың көп­теп ағыла бастағанын, балалар үйі мен қараусыз қалған ба­­­­лаларға қатысты қол­да бар архивтік құжаттарға сүйенер болсақ: 

(Алматы. Мемлекеттік архив. 5-қ. №21 тізбе. №84-іс)

МОЛНИЯ СЕКРЕТНО МОСКВА ДЕДКОМИССИИ ВЦИК

Связи резким продовольственным зат­руднением крае имеется большой наплыв города беспризорных голодающих детей требуется срочная особая помощь настаеваем немедленном отпуске нам этой цели минимум двести тысяч те­леграфьте.

 

 ЗА ПРЕДКАЗЦИКА ДЖАНГИЛЬДИН

______________________________

«25 марта 1932 года гор. Алма-Ата Дом Правительства, КЦИК.

 Счет № 250 Гос объединение Деткомиссии. 

Балалардың аштыққа шалдыққаны туралы Қазақстаннан Мәскеуге шыққан алғашқы телеграмма негізінде жан-жақ­ты зерделеу жұмыстарын жүргізе келе, 1932 жылы 27-мамырда қараусыз қалған балалардың тағдырын шешкен орта­­лықтың №6 құпия протоколы толты­рылады.

Протоколдан үзінді:

Секретно

ПРОТОКОЛ № 6

Заседания Президиума Деткомиссии при ВЦИК

 от 27 мая 1932 г.

Приемствована: Члены Пленума и Президиума Деткомиссии при ВЦИК

т.т. Семенко, Санченко, Аранович, Симановскии.

Представители: Наркопросса …. тов. Корнецова

НКЗдрава ….

НКСнаба РСФСР….

Слушали: Результаты ознакомления с пополнением детей в Казакстане (т. Сав­ченко).

Постановили: 1. Заслушав доклад тов. Савченко о результатах ознокомления о плененным детей в Казакстане и под­­­­­тверж­дая предедущее постановление Пре­­­­­зидиума, считать не верной установку НКПросса и НКздрава в вопросе концен­­­­­трации их внимания на Среднюю Волгу и отсутствие оказания реальной помощи Казакстану. 

Одновременно с этим Президиум кон­статирует: 

1. Наличие большого количество де­­­­тей, находящихся в тяжелом положении в связи с постигшим недородом Казакской АССР (число этих детей доходит по пред­­­­­­­­варительным данным по Казакстану до 30 000. перекочевавших из Казакстана в Среднию Волгу до 6 000 чел. И неко­­­­­торые количества в Зап. Сибири и Кир­гизкой АССР).

2. Констатировать, что со стороны руководящих органов в Казакской АССР до этого времени не приняты необхо­­­­ди­мые меры к улучшению положения де­тей, и связи с чем большое количество их нахо­­­дятся в тяжелых материальных условиях, часть занимается нищенством и никакие меры по устройству их не при­нимаются.

3. Считать, что обследование подтвер­­­­дило полное бездеятельность казакских ор­ганов (ДТК, НЕпресс, НКздрав,) в деле помощи детям. 

Председатель Деткомиссии

 при ВЦИК К. СЕМАШКО

 

Отв: Секретарь Деткомиссии

 При ВЦИК АРАНОВИЧ

 

Жоғарыда көрсетілген хаттамалық тап­сырмаларға сай, Қазақ АССР аума­­­­ғында жаппай балалар үйлері ашыла бас­тады және жетім, қараусыз қалған ба­лаларды жан-жақтан жаппай жинау жұмыстары 1932 жылдың күзінен бас­­талып кетті. Балалар үйлері аудан, облыс орталықтарымен қатар теміржол бойын­дағы ірі елді мекендерде, үлкен жол бойын­дағы тораптық орталықтардан ашы­­лып жатты. Ашылған балалар үйі мен жиналған балалар саны туралы архив­тік құжаттар бойынша цифрларға үңілсек, мынадай мәселер алдымыздан шығады. 

1933–1936 жылдардағы Қазақстан­­­­­ның өлкелік комитеті ВКП(б) Халық Ағарту және Халық денсаулығы комис­­­сариаттарының есептері бойынша:

01.01.1933 жыл. 

Жалпы балалар үйінің саны – 282

Халық Ағарту комиссариатына қарайтыны – 256

Халық Денсаулығы комиссариатына қарайтыны – 26.

Тәрбиеленушілердің саны – 35 291 бала.

Жыл соңында тәрбиеленушілердің саны 61 192-ге жетті.

 

01.01.1934 жыл. Жалпы балалар үйінің саны – 374.

Халық Ағарту комиссариатына қа­­­­­­райтыны – 312.

Халық Денсаулығы комиссариатына қарайтыны – 62.

Тәрбиеленушілердің саны – 96 483 бала.

17.01.1934 жыл. Жалпы балалар үйінің саны – 383.

Халық Ағарту комиссариатына қа­райтыны – 308.

Халық Денсаулығы комиссариатына қарайтыны – 47.

Балалар ауруханасы – 28.

1934–1935 жылдары республикалық деңгейдегі балалар комиссиясы (дедко­­­­­миссия) өлкедегі балалар үйіндегі тәр­­­­бие­­­ленушілердің денсаулығы, білім алуы және балалар үйінің жабдықталуы бойынша бірнеше рет тексеру- бақылау жұмыстарын атқарып келді. Қорытын­­­­дысында, тәрбиеленуші 14-15-16 жаста­­­ғы балаларды оқуға жіберу, колхоздарға, заводтарға жұмысқа орналастыру арқы­лы санын азайту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Балалардың денсаулығын жақ­сарту үшін Халық денсаулығы ко­мис­сариаты жанынан құрылған ауру­ханаларға жатқызылды. Тәрбиесі қиын балаларды НКВД-ның жанынан құрыл­­­­ған арнайы балалар үйіне жіберді. Соны­мен қатар балалар үйінің сапасын, мате­­­риалдық жағдайын жақсарту бойын­ша жұмыстар атқарылды. Осы жылдар ара­лығында көптеген балалар үйінің ди­­ректорлары, меңгерушілері мен тәрбие­­шілер әкімшілік, қылмыстық  жауап­­­­­­­кер-

шілікке тартылып жатты. Се­­­­­бе­­бі тексе­­рушілер келгенде балалар­­­­­дың саны бас­қа, тексеру барысында бас­қа цифр шығып отырған. Әрі балалар үйі­­­нің материалдық жабдықталмауы, қыс мез­­гі­­­ліне дайын болмауы, азық-түлікпен қамтылмауы де себеп болған. Оған бір мысал, Жуалы ауданы, Высокое село­­­сын­­­­дағы балалар саны 1934 жылы 900-ден асқан; ал 1935 жылы тексеру комис­­­­­сиясы 761 бала санаған, содан ди­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ректо-

­­­­­рын 139 баланың тамағына мемле­­­кеттен артық қаржы алып отыр­ған­­­­­­­­­сың­дар деп қылмыстық жазаға тарт­­­­­қан. Шын­­туай­­­тында, 139 бала балалар үйінде та­­­­мақтың жетіспеуінен және балалар үйі­­нің толық жабдық­­талмауы­­­нан қайтыс болған. Республикалық комиссия өз есептерінде қайтыс болған балалар тура­­­лы ешқандай ақпарат бер­­меген. Ақпарат болған күн­­нің өзінде хаттамаға енгізіл­­­меген. Осын­дай оқиға Шу ауданында да болғандығын құжат­­тардан қарап отыр­мыз.

Республикалық деңгейдегі балалар комиссиясының екі жылдық жұмысы­­­ның қорытындысы бойынша:

1936 жылдың 1 қаңтарында Халық ағарту комиссариатына қарасты 193 ба­лалар үйі болды. Оның:

Мектеп жасындағы балалар үйі – 84.

Мектеп жасына дейінгі балалар үйі – 20.

Тәртібі қиын балалар үйі – 2.

Аралас балалар үйі – 87.

Тәрбиеленушілердің саны 35 172 бала.

Құжаттардан көріп отыр­ға­­­ны­мыз­дай, 1932 жылы қараусыз қал­ған балалар саны 30 000 мыңнан 1934 жылы 95 000 мың­­ға жетіп жығылған, балалар үйінің саны 383-ке жеткен. Осы цифр­лар қазақ даласындағы нәубеттің қалың бұқараға қатты тигенін көрсетсе, қарау­­­­­сыз қалған балалардың 90 пайызға жуы­ғы – өзіміздің қаракөздер. Аштан, суық­тан, аурудан өлгенінің есебі жоқ, жа­з­­­ыл­­маған, мүмкін бар шығар, бірақ біздің жұмысшы топ кездестірмеді. Қол­да бар архивтік құжаттар әлі де зерде­леуді қажет етеді. Қаралған ма­териал­дардың ішінде жалпы Қазақ­стандағы балалар үйінің қаржы­­­­­лан­­­дырылуы, материалдық базасын жақ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­сар­­ту, қысқа дайындығы, оқу құ­рал­­да­рымен, музыкалық аспаптармен қам­тылуы, денсаулығы жоқ балаларды ау­рухана­ларға бөлу және тәртібі нашар балаларды арнайы тәртіптік орындарға орна­­­­лас­­­­­­­тыруы бойынша материалдар бар.

Әулиеата уезіне қатысты материал­­­­­дарды негізінен республикалық статис­­­­­ти­­­­калық көрсеткіштерден бөліп алып қарастырып, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының есептік құ­жат­­­­­­тарынан жинастырдық.

Онда Әулиеатадағы балалар үйі мен тәрбиеленушілер саны төмендегіше:

(Алматы. Мемлекеттік архив. 30-қ. №2 тізбе. №1580-іс).

Ескерте кететін жайт архив мате­­­риал­дарының қайта-қайта қарау бары­­­­­сында жылдар өткен сайын жазулары­­­­­­­­­ның көмескі тартуына байланысты кейбір сөздерді дұрыс оқи алмадық. Кес­­­­тені визуалды қалай көрсек, сол күйінде толтырдық.

Қ. ДАУРЕМБЕКОВ,

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,

архивтер және құжаттама басқармасы

«Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау

және қалпына келтіру дирекциясы» 

директоры, тарихшы