Ерейментау ауданына қарасты Еңбек ауылы онда­ған жылдар бойы билік орындарынан ауылдың жаны­­нан теміржол өткелін салдыра алмай жүр.
Өткел бермес асулар
976
оқылды

Ерейментауда халық шу көтерді

Тұрғындар шыбын жанын шүберекке түйіп, өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті болса да жарты ғасырдан бері рельс­тер­­­дің арасынан жүгіре кесіп, жолдан өтуге мәжбүр. Те­міржолдан мұндай жолмен өтуге түбегейлі тыйым са­лынса да, тұрғындардың басқа амалы жоқ. Ауыл тұр­­ғындарының ащы жанайқайынан жергілікті ау­­дандық және облыстық әкімдіктер мен мәслихат де­пу­­­­­таттары да, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының басшылары да хабардар. Алайда темір­­­­жол­­­­­дан өткел салу мәселесі күні бүгінге дейін ше­шімін таппай келеді. 

Тұрғындар күн сайынөмірін бәйгеге тігеді

Ерейментау ауданы Еркіншілік ауыл­­­дық округіне қарасты Еңбек ауы­­­­лында бүгінде үш жүзге жуық адам түтін түтете­­­ді. Ауылдың дәл түбінен өтетін теміржол ауылды облыстық маңызы бар жолмен бөліп тұр. Түйінді мәселеде сең қозға­л­­­ған­­­­дай болып, былтыр облыс әкімі Ер­­мек Маржықпаевтың бастамасымен жо­ба­лық-сметалық құжаттамаға қаржы да бөлінген. Алайда «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы өздеріндегі нұс­қаулыққа сүйеніп, өткел салудың бас­қа шартын айтқан. Бірақ бұл шартқа ауыл тұрғындары түбегейлі қарсылық­тарын білдірген. Егер жыл соңына дейін тараптар өзара келісімге келе алмаса, бө­­­­­лініп қойған қаражат мемлекет қазы­­­­насына қайта оралуы да бек мүмкін. Тұрғындар мұндай жағдай бола қалса кейін қаражат беріле ме, берілмей қала ма деп тағы алаңдап отыр. Ауыл тұрғын­­­да­рының айтуынша, қысқы ақ түтек бо­ран­дарда Еңбек ауылы кәдімгі адам аяғы баспайтын аралға айналып шыға келеді. Ауыл сыртқы өркениеттен мүлдем қараң қалып, азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай сияқты қарапайым қажет­тілік­­тердің алдыру үлкен мұңға айнала­ды. 

– Біздің ауылдан трассаға дейін не­бары 800 метр ғана. Алайда жолдан өтуге теміржол кедергі келтіріп тұр. Осыдан бір­­­талай жыл бұрын бұл жерде теміржол өткелі болыпты. Бірақ оны кейін жауып тастаған. Содан бері тұрғындар қысы-жазы теміржолдың үстінен кесіп өтуге мәжбүр. Қыстыгүні жолды тұтастай ом­­бы қар басып қалады. Қазып өтуге тура келеді. Қысқы боран мен көктемгі су тас­­­­қыны кезінде біз өркениеттен мүл­­де қол үзіп қаламыз. Жедел жәрдем көлігі, азық-түлік жеткізген көліктер, тек темір­­­жол өткеліне дейін ғана келе алады. Бізге теміржол өткелін кесіп, дәрігер мен азық-­­түлікті қарсы алуға тура келеді. Кей­­­­­де тіпті пойыз келіп қалып қауіпті жағдайға ұшырап қалу қаупі де төнеді. Пойыз келіп қалғанда ауыр мотоциклмен рельстердің арасында мықшыңдап құлап, бензин құйылған конистра­­­ларымыз төгіліп, әбігерге түскен сәттері­­міз көп. Әр сәт сайын қайғылы жағдайға ұшырауға шақ қалып жүреміз, – дейді Еңбек ауы­лының тұрғыны Айбек Хуат. 

Бөлінген қаражат бюджетке қайтарыла ма?

Тұрғындар теміржолға қатысты түйін шешімін тапса, болашағы жоқ ауыл­дардың қатарынан емес екенін жеткізді. Ауылда мектеп, мәдениет ошағы, мешіт, медициналық пункт сияқты әлеуметтік ме­кемелер қызмет етеді. Бірнеше шағын шаруа қожалықтары бар. Ауылдың жол­­дарына біртіндеп асфальт төселіп, көше­­лерге жарық шамы ілінген. Былтыр та­лай жылдан бері қордаланған ауызсу да тартылып, тұрғындар орталықтан­­ды­­­рыл­­­­­­­­ған таза ауызсуға қол жеткізіпті. Ауыл тұрғындарының жылдар бойы айта-жаза жауыр болған мәселені үш-төрт жылдан бері Ақмола облыстық мәсли­­­­хатының депутаты Бекім Әкімов те шешуге тырысып жүр. Мәслихат депу­­­татының айтуынша, ауыл тұрғындары «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының басшылығымен де, облыс әкімдігімен де бірнеше мәрте кездесіп, үлкен жиындар өткізілген. Алдағы жұма күні мәселе «Қазақстан темір жолы» өкілдерінің қатысуымен өтетін жиында тағы талқыға түспек. 

– Осыдан екі жыл бұрын біз Мәжіліс депутаты Мәди Елубаев, облыстық мәс­­лихат төрағасы, Еркіншілік ауылдық ок­ругінің әкімі болып Астанада «Қазақ­­­стан темір жолы» ұлттық компаниясы басшылығының өкілімен кездесіп мән-жайды жеткіздік. Олар өз құжаттарына сүйенді. Осы кездесудің алдында Ал­маты облысының Шамалған стан­са­сында теміржол өткелінде пойыз авто­­бус­­ты соғып кеткен. Осыған бай­ланысты Көлік және коммуникация министрі теміржол өткелінен айналып өту бұйры­ғын шығарған. «Қазақстан темір жолы» бұл жерден теміржол өт­келін ашу үшін ауылдан сегіз ша­­қырым қашықтықтағы осы теміржолдың 103 шақырымындағы басқа өткелді жапқан жағдайда салуға келісім бе­ретінін жет­кізді. Бірақ бұған жер­­­гілікті тұрғын­дардың келісімі қажет. Яғни, жиын өткізіп, Еркіншілік ауыл­дық округі халқының келісімін алу ке­рек. Бірақ онда тұратын 4 500 адам бұған үзілді-кесілді қарсы. Ал ол жерде мем­лекеттік маңызға ие көмір тұйығы мен үл­кен астық элеваторы бар. Өңірдің барлық астығы осы жерден өтетіндіктен оны еш жабуға да болмайды. Осы жұма күні «Қазақстан темір жолы» ұлттық ком­­паниясы басшылығы өкілдерімен тағы бір мәрте кездесіп мәселені шешуге ниеттіміз, – дейді Бекім Серікұлы. 

Облыс әкімдігі өкілдері мен мәс­лихат депутаттары аталған теміржол учаскесі олардың қарауында болған­дықтан ма­­­­гист­­­ральді тораптың Пав­лодар бөлімі­­­нің басшылығымен кез­десіп, осы мә­­селе бойын­­­ша өзара ке­­­­­­­­­­­­лі­сімге келгендей бол­­­ған. Алайда дәл осы жерде тиісті ма­­­­ман­­­­дардың шала­ғайлығы тағы бір кедер­­­гісін келтіріпті. Ауыл тұрғында­­­­­рының пайы­­­­мынша, бұған келісімге келген соңғы жи­на­­лыс­­­тың хаттамасы емес, алдыңғы хат­­­тама кетіп қалғаны себеп болған. 

– Бәрін келісіп, техникалық сипат­­­­тама жасауға құжаттарды өткізіп қойған­­быз. Дәл осы құжаттың негізінде жоба­­­лық-сметалық құжаттама жасалу керек болатын. Мәселе жөнінде бұрынғы об­лыс әкімі Ермек Маржықпаев та жақсы білетін. Облыс әкімімен кездесу кезінде ауыл тұрғыны Айбек Хуат мәселе көте­­­­ріп, жобалық-сметалық құжаттама­­ны жасауға қаржы сұраған. Қаржы мәселесі дереу шешімін тауып кезекті мәслихат сессиясында жедел түрде бөлінген. «Қазақ­­­стан темір жолынан» техсипаттама ке­ліп, ал онда бұрынғы хаттама бойынша алдымен 95 шақырымдағы өткелді бұ­зып, одан кейін 103 шақырымда салу қажеттігі жазылыпты, – дейді депутат Бекім Әкімов. 

«Қазақстан темір жолының» бұл жауа­­­­бына қанағаттанбаған Әкімов құ­жатты облыстық мәслихат депутатына беріп, ол «ҚТЖ-ға қайта сұраныс жол­­­дайды. Бірақ ұлттық компания бізге бұл сұраққа жауап беріп қойғанын түсін­­­дір­ген хат жіберген. Мәселе дәл осы жерде тұйыққа тірелген. Егер бөлінген 14,5 мил­­­­­­­­­­­­­­­­лион теңге қаражат қыркүйектің соңы­­­на дейін игерілмесе, облыс бюдже­­­­тіне қайта қайтару қаупі төнген.

– Ауыл тұрғындары көлігімен трас­­­­­саға өту үшін 95 шақырым жүруіне тура келеді. Яғни, 16 шақырымды артық жү­­­реді. Біз, әрине кезінде комиссия құрып, кесіп өту жолын да белгілеп, теміржол өткелін салуға келісімімізді де бердік. Бі­­­­­рақ шешімді бас штаб қана қабыл­­­­дайды. Бұл жер учаскесі мен жол да біз­­дің теңге­­­рімде. Яғни, теміржол өткелін салса да оған қызмет көрсету де біздің мойнымыз­­­да болады. Сондықтан Аста­­на­­­­дан бұйрық берілсе, барып бәрін ұйым­­­дастырамын. Тағы да қайталап ай­­тамын. Біз тек орын­­­­даушылармыз. Бізге қозғалыстың аздау болғаны қажет. Өйт­­­кені Астана мен Ерей­­­­­­ментаудың арасында қозғалыс өте көп. Көмір мен астық тасымалданады, жо­­­лаушылар пойызы өтеді. Биыл тіпті кон­­­­тейнерлік пойыздар да жүріп жа­тыр, – дей­­­ді Павлодар теміржол ма­гистралі же­­­­­­­лі­­­сінің директоры Марат Жүнісов. 

Бір өткелді ашсақ, біреуін жабамыз

«Қазақстан темір жолы» ҰК Астана-Ерейментау арасындағы учаскесінің жүкте­­­месінің тым ауыр екенін растады. Жыл сайын аталған учаскеде 62 миллион тоннадан бруттодан астам жүк тасы­­­малданады. Күн сайын 18 жолаушылар пойызы мен 50-ден астам қос жүк пойыз­­­­дары қатынайды. Мұнымен қоса, олар жолаушылар пойызы үшін бекі­­тілген сағатына 130 шақырым жыл­дамдықпен жүреді. Ұлттық компания басшылығы да осы ауылға таяу орналасқан учаскенің 95 және 97 шақырымындағы теміржол өткелдерін еске салды. 

Ұлттық компания бұл орайда авто­­көлік және теміржолдарға қатысты тех­ни­­­калық пайдалану ережесінің құры­­лыс нормалары мен теміржол өткелде­­­ріне қызмет көрсету және жөндеудің нор­­маларын алға тартты. Атал­­ған құ­­жаттарға сәйкес, «бір деңгейде те­міржол өткелінің құрылысына тыйым са­лынады. Өткелдер әртүрлі деңгейде салынуға тиіс». 

– Еңбек ауылы тұрғындарының те­­­мір­­жол арқылы өту қажеттілігі мен тұр­­­­ғындардың өтініш-шағымдарын назарға ала отырып, 2021 жылдың 3 маусы­­мында депутаттардың қаты­­­суымен кездесу өт­­кізілген. Өтпе жолды салу мүмкіндігін қарастыру немесе қолда бар 95 өткелді 103 шақырымға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Хаттамалық шешімге сәй­­кес, «Қазақстан темір жолы» магис­­­­­­­­­траль­­­­­­­­ді желісінің дирекциясы техника­­­­­­­лық шартты берді. Қазір біздің ме­­­­­­кен­­­­жайға облыстық мәслихат депу­­­­­­татта­­­­­рынан олардың 95 шақырымдағы өткелді жаппастан 103 шақырымда өткел ашуға қатысты түзетулері түсіп жатыр. Алайда бұл нормативтік-құқықтық акті­­­­­лер талабына қарама-қайшы келеді. Сондықтан техникалық шарт талап­­­­та­­­­рына сәйкес түзету енгізу мүмкін емес, – дейді «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның ресми хабарламасында. 

Мәселені шешу мақсатында «Қазақ­­­стан темір жолы» автомобиль өткелін са­­лу немесе теміржол астынан өтетін тун­нель қазу арқылы өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған. Ал бұл әрине жергілікті бюджет есебінен салынуға тиіс. Сонымен, Еңбек ауылы тұрғында­­­­рына мәжбүрлі болса да таңдау берілген. 103 шақырымнан өткел қажет болса, он­да 95 шақырымдағы өткелді жаппақ. Ал бұл өз кезегінде көршілес қоныстанған Еркіншілік ауылына дәл осындай қиын­­­­дықтар туындатады. Бұл қос ауылдың арасында араздық пен өшпенділіктің отын тұтатуы да ғажап емес. 

– Өзіңіз көз алдыңызға елестетіп кө­ріңізші. Ақтүтек боран мен көктемгі су тас­қыны тұсында тұрғындар көліктерін тастап жаяулап рельс арасынан өтуі керек. Ешқандай бағдаршам жоқ. Қай жер­ден болса, сол жерден көлбеңдеп жүгіруге тура келеді. Мен облыстық мәсли­хаттан қайтадан «Қазақстан темір жолы» АҚ басшылығымен байланысып, мәселені шешуді талап етіп отырмын. Өйткені тұрғындар егер мәселе күздің соңына дейін шешілмесе, тұтас ауыл болып Мемлекет басшысын күтіп пойыз рельсінің үстіне отыратынын айтып отыр. Меніңше, тұрғындармен келісімге келу қажет. Өйткені әлеуметтік шиеленіс аса қатты күшейіп барады. Компанияның мәліметінше, күн сайын жүзден астам жүк пойыздары ары-бері жүреді. Ал олар әрине жай жүрмейді. Компания мұны­­­мен қомақты табыс тауып отыр. Ал рельс­­тің астындағы жер Ерейментау ауда­нына, нақтырақ айтқанда Еңбек ауылы тұрғындарына тиесілі. Жағдай жасауын сұраймыз. Біз теміржол өткелін, яки көпір салуды сұрап отырған жоқпыз. Мұның бәрі жергілікті атқарушы орган­­ның қаражатына салынады, – дейді Бекім Әкімов. 

 

P.S. 

Сонымен, Еңбек ауылының жа­­­нындағы теміржол өткелінің айна­­­­­­ла­­­­­сындағы дау әлі өршіп тұр. Тараптар алдағы жұма күні та­­ғы бір мәрте кездесу өткізіп, мәселені ше­­­­шу­­­­­­ге ниетті. Ауыл тұр­­­­ғындары соңына де­йін барып, егер теміржол өткелі салын­­­­баса, теміржол бойы­на тұтас ауыл болып Үкімет ба­­­­­­сын­дағыларды шақыруға бекініп отыр. Ал бұл үлкен даудың одан әрі жалға­­­­суы­­на себеп. Түйін қалай тарқатыла­­­­ды? Бұл алдағы уақытта біздің наза­­­­ры­­мыз­­­да болмақ.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы