Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан 97 келі салмаққа өтті. Балуан AIQYN YouTube арнасына берген сұхбатында Олимпиадаға барғысы келетінін айтты.
AIQYN YouTube арнасында Ризабек Айтмұхан Олимпиадада өзіне бәсекелес болатын балуандарды атады
1,386
оқылды

Тіпті, Олимпиада ойындарында өзіне шынайы бәсекелес болатын балуандарды да атады. 

– 97 келі салмақта мықты балуандар өте көп. Ең басты қарсыласым деп дағыстандық палуан Ахмет Тажудиновты көріп отырмын. Бірақ Абдулрашид Садулаев, Кайл Снайдер қанша жасы үлкен болғанымен де өте мықты балуандар. Қазақстандық Әлішер Ерғалиев ағам бар. Олимпиада ойындарында 16 мықты балуан бар. Олардың бәрін жеңу оңай емес, – деді Әлем чемпионы. 

Еске сала кетейік, «Айқын-Литер» ЖШС-ның AIQYN YouTube арнасы тұңғыш рет көрерменге жол тартты. Мақсат айқын  ұлттық идеология негізінде рухани кемелдену, оқу, адамгершілік, Отанға деген сүйіспеншілік, мәдениет, еңбекке үндеу.

AIQYN – өткір сауалдарға нақты жауап, салмақты сараптамаға толы. 

«Біз алып-қашпа әңгімеге ілеспейміз! Бағытымыз – бірлік, құбыламыз – шындық. Себебі, бүгінгі буын бізге Тәуелсіз ел – аманат, бабадан қалған жер – аманат. Аманатты абыройлы арқалау жолында туған жерге табан, туған елге иық тірейміз» деген ұстаныммен жұмысын бастады.

YouTube арнаның жүргізушісі – журналист Қайнар Жұмағожа. 

Аңсарыңыз ақиқат, шарқ ұрып іздегеніңіз шындық болса, AIQYN YouTube арнасынан табасыз. 

Бұған дейін AIQYN YouTube арнасында Ризабек Айтмұхан әлеуметтік желіде кең таралған видеосы жайында «Бозкілемді сүртуге досымның орнына шықтым» деген еді.