Бірнеше жылда басқа планеталық тіршілік иелері табылуы мүмкін. Астрономдар осылай болатынына сенімді. Адамдар мен өзге тіршілік иелері қалай сөйлесер екен.
10 миллиард тұратын телескоп ғаламда басқа тіршілік иелерін табады
4,606
оқылды

Астрономдар бірнеше жылда өзге тіршілік иелерін табатындарына сенімді. Сенсациялық жаңалықты беделді BBC News жариялады. Шотландтық ғалымдар Юпитердің Еуропа атты серігінде Күн жүйесіндегі бөтен тіршілік иелерін табу ықтималдығын жоғары санайды. Aikyn.kz британдық әріптестердің мақаласына сүйеніп, ғалымдардың гипотезасына қандай негіз бар екенін түсіндіреді.

Фото NASA сайтынан алынды

Көптеген астрономдар енді ғаламның кез келген жерінде тіршілік бар ма деген сұрақ қоймайды. Енді олар сұрақты басқаша қоя бастаған: «Біз оларды қашан табамыз?» Тіпті, ғаламда бізден алыс орналасқан әлемде бөтен тіршілік иелерін табу уақытын алдағы бірнеше жыл деген оптимистік көзқараста.

Ал Юпитерді зерттеу миссиясын басқаратын бір ғалым тіпті планетаның мұзды серіктерінің бірінде өмір болмауы «таңғаларлық» болатынын айтқан. Осылайша ғаламдағы бөтен тіршілік иелерін табуды ғалымдар тек уақытпен ғана байланыстыруда.

10 миллиард долларға жасалған NASA-ның Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы жақында Күн жүйесінен тыс бір планетадан тіршіліктің таңғажайып іздерін анықтаған және оның назарында көптеген әлемдер бар.

«Біз жұлдыздар мен планеталардың шексіз саны бар шексіз әлемде өмір сүреміз. Біздің көпшілігіміз жалғыз саналы тіршілік иесі екенімізге сенеміз», – дейді шотландиялық профессор Кэтрин Хейманс.

Фото ESA сайтынан алынды

Қазіргі телескоптар енді алыс жұлдыздарды айналып жүрген планеталардың атмосферасын талдап, Жерде тек тірі организмдер шығара алатын химиялық заттарды іздей алады.

Мұндай жаңалықтың алғашқысы қыркүйек айының басында тіркелді. Жердегі қарапайым теңіз ағзалары шығаратын газдың ықтимал белгілері бізден 120 жарық жылына тең қашықтықта орналасқан К2-18b планетасының атмосферасында табылған. Ғаламшар бетінің температурасы тым ыстық та, тым суық та емес, тіршілікке қажет сұйық суды сақтау үшін ыңғайлы қашықтықта орналасқан.

Зерттеуді жүргізген Кембридж университетінің астрономия институтының профессоры Никку Мадхусудхан егер болжамдар расталса, «бұл біздің бөтен тіршілік көздерін іздеуге деген көзқарасымызды түбегейлі өзгертетін айтқан: «Егер біз ең бірінші зерттеген планетада тіршілік белгілерін тапсақ, бұл бүкіл ғаламда тіршіліктің кең таралу ықтималдығын арттырады». Ол бес жыл ішінде біздің ғаламдағы өмір туралы түсінігімізде «үлкен өзгерістер» болады деп санайды.