3 қазанға арналған ауа райы болжамы.
15 облыста ескерту жарияланды: 3 қазанға арналған ауа райы болжамы
1,651
оқылды

Синоптиктер 15 облыста ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Қазгидромет болжамына сәйкес, елордада 3 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 1 градус үсік жүреді.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман түседі. Семейде түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, солтүстігі мен шығысында 2 градус үсік жүреді.

Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының шығысында түнде найзағай ойнайды. 3-5 қазанда облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Өрт қаупі әлі де жоғары.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні күндіз 15-20 м/с болады.

Қарағанды ​​облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

3 қазанда Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігі мен батысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градус үсік жүреді. Павлодарда түнде және таңертең тұман болып, түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының таулы жерінде күндіз шығыстан 15-20 м/с жел соғады. 3 қазанда облыстың басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

 

Фото: Gismeteo