Республика аумағы бойынша тұман күтіледі.
Қар, жаңбыр, үсік: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
4,664
оқылды

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон жотасы әсер ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Елдің батысында, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуі әсерінен жаңбыр жауады, шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман болады. Сондай-ақ елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен батысында екпінді жел тұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысы мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында – 1-3 градус, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 1 градус үсік жүреді.

Түркістан, Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде өрт тұтану қаупі сақталады.

Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары.