Бұл заңдарды халық көптен күткен құжат деп атауға болады. Себебі заң әділетті мемлекет құрудағы қоғамдық қатынастарды реттеуге нақты механизмдерді қарастырған.
«Қоғамдық бақылау туралы» заңның басты мақсаты – азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету.
«Енді аталған заң нақты қай проблемаларды шешеді?» – деп нақты тоқталатын болсам. Біріншіден, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жұмысының «ашықтығы» деңгейі жоғарылайды. Екіншіден, азаматтардың мемлекет істерін басқаруға ұмтылу деңгейі өседі. Үшіншіден, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімнің деңгейі жоғарылайды.
Ілеспе заң арқылы мемлекеттік органдардың петицияны қарау мерзімдері орталық мемлекеттік органдар үшін 40 күн, ал жергілікті атқарушы органдар үшін 20 күн болды.
Сондай-ақ қоғамдық-экологиялық бақылау жүзеге асырылатын субъектілер саны артты және әскери оқу орындары тәрбиеленушілері мен ұландарының, кадеттері және курсанттарының өмірі мен тұрмысын көру үшін жақын туыстарына баруға рұқсат етілді. Бұл дегеніміз – әскери курсанттардың жақын туыстары туған ата-анасы осы әскери оқу орындары мен бөлімшелерге бара алады, тамақтануы, тәртібімен танысуына мүмкіндік бар.
Әкімшілік және рәсімдік процестік кодексте петицияларды беру және қарау тәртібі бекітіліп отыр. Петицияны Қазақстан Республикасы азаматтары арнайы интернет портал арқылы бере алатын болады. Уәкілетті орган петиция жария болағанға дейінгі заңда бекітілген шарттарға сәйкестігін қарайды. Сонымен қатар петицияға берілген күннен бастап электронды түрде 10 жұмыс күні ішінде, ал қағаз күйінде 20 жұмыс күні ішінде елімізде 50 азамат қосылуы қажет.
Петицияны міндетті түрде қарау үшін оларды қолдайтын дауыстың шекті мәндері бекітілді. Аудандық деңгейде аудандық әкімдіктер қарауы үшін халқы 50 мыңнан асатын болса 2,5 мың дауыс жинауы тиіс, халық санының кемінде 5 пайызы. Ал аудандық деңгейдегі мәслихаттар қарауы үшін халқы 50 мыңнан асатын болса, 5 мың дауыс болуы шарт, яғни халық санының кемінде 10 пайызы керек. Облыстық деңгейдегі әкімдіктер үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының 1 пайыз дауысы және облыстық деңгейдегі мәслихаттар қарайтын петиция тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының кемінде 2 пайызы болуы шарт. Ал республикалық деңгейде Үкімет қарайтын петиция кемінде 50 мың дауыс жинауы абзал.
Бұл азаматтардың қажеттіліктеріне ден қою. Сол жердегі мемлекеттік органдардың ашықтығын және азаматтар тарапынан көтеріліп отырған сұрақтардың ашықтығы мен жеделдігін арттыру үшін, азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға қатыстыру үшін петиция институты енгізіліп отыр.
Бұған дейін әртүрлі ресурста болған бір ресурста болады. Сосын дауыстың шекті мәнін айтып өттім, сол шекті мәні жиналған жағдайда мемлекеттік органдарда қаралады. Олар ауданда әкімдік, аудандық мәслихат облыстық әкімдік пен облыстық мәслихат және республика деңгейінде Үкімет. Сол қараудың негізінде шешім қабылданады немесе петицияны қанағаттандырудан дәлелді бас тарту туралы уәжді жауаптары да авторларға жолданатын болады. Бұның барлығы заңмен реттеліп отыр. Бүгінде бейберекетсіздікті реттеуге арналып отыр. Бұл да бір саяси мәдениеттің, сонымен қатар билік пен бұқараның арасындағы саяси диалогтің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді деп ойлаймын.
Заң мемлекет пен азаматтық қоғамның қоғамдық бақылау саласындағы өзара іс-қимылының мәнін, қағидаттары мен стандарттарын бірыңғай түсінуді қамтамасыз етеді.
Қоғамдық бақылауды қалыптастырып, дамыту – қоғамдық бақылау объектілерінің қызметін ел және халық мүддесіне сәйкес жүзеге асыруға негіз болады. Жол, мектеп, бюджет және басқа да сұрақтардың шешімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуге, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелердің жүйелі шешімінде билік пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, заң қоғамдық бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттары мен рәсімдерін, қоғамдық бақылау нысандары мен институттарының құқықтық базасын жүйелеуге мүмкіндік береді.
Халықаралық тәжірибеге тоқталар болсақ, халықаралық заңнаманы, жақын және алыс шетелдердің заңнамасын талдағанда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мәселелері халықаралық шарттар, конвенциялар және салалық заңдар деңгейінде регламенттелгенін аңғаруға болады.
Мысалы, АҚШ пен Еуропалық одақ елдерінде «Қоғамдық бақылау» термині» қоғам тарапынан мемлекеттің қызметін бақылауды білдіреді. Қоғам – бақылау субъектісі, мемлекет – бақылау объектісі.
Скандинавия елдеріндегі қоғамдық бақылаудың халықаралық тәжірибесі мемлекеттің бақылаушысы ретінде бүкіл қоғам өзінің әртүрлі институты: кәсіпкерлік және кәсіподақ, жалпыұлттық, жастар мен ардагерлер, адам құқықтары мен тұтынушылар, сондай-ақ қоғамдық басқарудың әртүрлі саласындағы қоғамдық ұйым арқылы әрекет етуі нақтыланған.
Англосаксондық құқық жүйесі елдерінде қоғамдық бақылауды негізінен көптеген қоғамдық ұйым жүзеге асырады, олардың кейбіреулерінің тиімділігі ерекше назар аударуға тұрарлық.
Еуропалық одақ аясында қоғамдық ұйымдар тікелей қоғамдық бақылау органдарын құра алады.
Бердібек ҚАБАЙ