Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, №172 мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында қызылша анықталған. 20 қыркүйекте мектепте Алматы қаласы Медеу ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары комиссия өткізді. Мектеп әкімшілігіне қызылшаға қарсы вакцина алмаған бастауыш сынып оқушыларын 16 қазанға дейін (инкубациялық кезең) қашықтан оқыту режиміне көшіру ұсынылып отыр. «№172 мектеп директоры ұсыныстарды ескеріп, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін инкубациялық кезең аяқталғанға дейін барлық бастауыш сынып оқушысын онлайн оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар онлайн оу үшін қажет компьютерлік техникамен және интернет-ресурстармен қамтамасыз етілген» делінген басқарма хабарламасында. Әкімдік өкілдері қаланың басқа мектептерінде жағдай тұрақты және эпидемиологтердің бақылауында екенін мәлімдеді.