Президент орталығы Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорымен бірлесіп, «Абай Әзербайжанда және әлемде» жинағын таныстырды. Оған Абайдың әзербайжан тіліне аударылған өлеңдері, әндері, қара сөздері, «Абай жолы» романынан үзінділер енген.
Абай Әзербайжан тіліне аударылды
737
оқылды

Аударма жұмысымен Әзер­бай­жанның көрнекті әдебиет өкідері П. Хәлилов, М. Ибра­хи­м­ов, К.Па­шаева, Ф. Агаева,Е. Ку­лиев, Ф. Вәлиева айналыс­қан.

– Жинаққа Қазақстандағы Абай Құнанбаев мемориалдық кешені ұсынған архивтік мате­риалдар, сондай-ақ Әзербайжан­дағы музей материалдары ен­гі­зілді. Оған қоса, жинақта мақала­лар түрінде публицистика ұсы­ныл­ған. Жинаққа салынған су­рет­тер де ұлы ойшыл өмір сүрген дә­уір мен уақытты бейнелейді, –  деді  Президент орталығы ди­рек­торының орынбасары Бо­тагөз Қайыпова.

Кітаптың тұсаукесеріне қоғам және саясат қайраткерлері, оның ішінде Халықаралық түркі мәде­ниеті мен мұрасы қорының пре­зи­денті Гүлнай Эфендиева, Түркі академиясының президенті Ша­һин Мұстафаев, Парламент Се­натының депутаты Руслан Рүс­темов, «Егемен Қазақстан» рес­публикалық газетінің бас дирек­торы Дихан Қамзабекұлы келді.

– Абай Құнанбаев Қазақ­стан­да және бүкіл әлемде классик, ақын, ойшыл, композитор ретін­де танымал. Қазақ халқына сіңір­ген зор еңбегінің бірі – Ыбырай Алтынсаринмен қатар қазіргі әде­би қазақ тілінің негізін қала­ғаны. Ол іс жүзінде қазақ және орыс әдебиеті, қазақ ақын поэ­зиясы мен Шығыстың класси­калық поэзиясы арасында мәде­ни көпір құра алды. Абай – қазақ тілінде классикалық шығарма­ларды жаза бастаған алғашқы адам, ол қазақ зиялылары буы­нына әсер етті. Абай Құнанбаев­тың шығармалары мен идеяла­рында тәрбиеленген дәл осы зи­я­­лы қауым отаршылдыққа қар­­сы қозғалыстарды басқарды, – деді Түркі академиясының президенті Шаһин Мұстафаев.

К.ҚАРҚЫН