Қазақстандық суретші Әсемгүл Сүлейменова британдық Golden Time Talent халықаралық байқауының «Кескіндеме» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Байқауда топ жарды
530
оқылды

«Кескіндеме» номинация­сына 30-дан астам елден 190 адам қатысты. Байқауда «Ана мен бала» туындысы үздік танылды.

 – Жеңіске жеткенім туралы кеше білдім, басында тіпті сен­бе­­дім, бірақ түсінген кезде бөлі­суді жөн көрдім. Мен бала кезім­нен сурет саламын, балалар көр­­кем­­сурет мектебін және «Шабыт» өнер университетін бітірдім, – дейді Әсемгүл.

Суретші коммерциялық жо­ба­лар үшін әртүрлі техника мен стильде жұмыс істейді. Де­ген­мен жеңімпаздың жұмысынан ұлттық ерекшелік элементтерін жиі кө­ру­ге болады. Бұған дейін «Ана мен бала» картинасы Әсем­гүлдің көр­месінің негізгі бөлігі ретінде жақсы пікірге ие болған.

 – Байқауға жиі қатыспаймын. Бұл байқауға қатысу туралы ше­шім кенеттен қабылданды. Жазда көрмем өткенде, авторлық кар­тиналар сериясын салдым. Орта­лық экспонат «Ана мен бала» кар­тинасы болды. Оның адам­дарға қатты ұнағанын, жұрт одан көз алмағанын байқадым. Мұн­дай байқаудың өтіп жатқанын көріп, бірден қатысуға өтінім беруді шештім, – деді суретші.