«Жаңа бизнес» құрылысты жарға жығуы мүмкін

Қазақстанда аса табысты жа­ңа бизнес «белең алды».

Оған сәй­­­­­­­­кес, жауапты органдарда та­­мыр-таныстығы бар адамдар ли­­­­­­­­­­­­­­цен­­­­­зиялары мен аккредиттеу куәлігіне ие құрылыс және жо­­­балау компанияларын тіркетіп, ар­­­тынша сатып жібереді. Бұл «ке­­­­­­­­сірлі» кәсіптің кең ауқым алға­­­ны сонша, ол көлеңкеде, құпия түр­­­­­­­де емес, ашықтан ашық жүр­­­­гізіледі. 

Алайда бұл мәселемен күресіп жатқан құзыр­лы мекемелердің қызу қимылы байқал­­­­май­­ды. Содан ғаламтор да, әлеу­меттік желі­лер де осы бизнестің жарна­масына толып тұр. Тіпті, OLX сияқты жеке хабарлан­­­­­дырулар сер­­­вис­­­­­­­­­­тері арқы­лы саудалауға кіріскендер кездеседі.

Сарапшылар мұны қауіпті деп танып, тосқауыл қоюды талап етіп жатыр. Себе­­бі ол компаниялардың не персоналы мен білікті инженерлік құрамы, не өндірістік және материалдық базасы жоқ. Бірақ әлдебір жолмен рұқсат алған. 

Өңірлерде құрылыс салу үшін қажетті рұқсат құжаттардың толық пакеті бар ЖШС-лар арзандау тұрады: 5-6 миллион теңгеге барады. 

Ең қымбаты, әрине, ең ірі мегапо­­­лисі­мізде және Астанамызда. Бұларда мәсе­­­лен, 1 категориялы құрылыс салуға лицен­­­зия­­сы бар ЖШС 28 миллионнан 40 мил­­­­­лион теңгеге дейін бағаланыпты. Елордада 1, 2-ші категориялы компания үшін 100 млн қаржы сұралады. Бірақ ол тұрғын үй салу тәжірибесіне ие көрінеді. 

Құрылыс саласының маманы, белгілі құрылыс компаниясының менеджері Нұрлан Сәбитбек мұндай ЖШС-лардың тірегі мықты деген пікір білдірді. 

«Сатылып жатқан компаниялар жал­ған фирма емес, олардың құжаттары то­лық. Бірақ қолында ештеңесі, тіпті бал­ғасы да жоқ. Бұрын олар тұрғын үй, әкім­­­шілік, әлеуметтік объектілер және жол салу бойынша тендерлерге қатысып, демпинг жасап, тәжірибелі, беделді ком­паниялардың өзін жығып кететін. Соңы­нан сол тапсырысты орындайтын мерді­гер іздейтін. Бүгінде заңнама біраз же­­т­іл­ді­­рілді. Мемлекеттік сатып алулар­да құрылыс компанияларынан ұзақ жыл жұмыс тәжірибесінің болуы талап етіле­ді. Дегенмен «қуыс кеуде, құр қол» ком­па­­нияларға бәрібір сұраныс сақталды. Алаяқ­­­тар оларды қажетке жаратудың жо­лын тапса керек. Мысалы, оларды тұр­ғын үй-құрылыс кооперативтерін құрушылар да пайдаланады деген әңгіме бар», – деді Н.Сәбитбек.

Басшылары әлдебір тұрғын үй кешені жобасына «үлескерлерінен» орасан зор қаражат жинаған, жер телімін жалға алып, онда қалқайтып бірер қада қағып, қалған ақшамен тайып тұрған тұрғын үй-құрылыс кооперативтері жоқ емес.

 

Жүз мыңдай құрылыс компаниясы бар

Мәселеге Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі де назар аударды.

«Құрылыс индустриясында маңызды, көкейкесті проблема ушықты: лицензия­лар мен аккредиттеу туралы куәлікті ал­ған­нан кейін құрылыс компаниялары са­­­­­туға шығарылады. Хабарландыру сайт­­­­­­­­­­­­­­­­тары мен сервистері жобалау және құ­­ры­лыс ұйымдарын сату туралы хабар­­­лан­дыруларға толып тұр. Өзіңізге қажетті кез келген санат-категориядағысын та­уып бе­­ре­ді. Бұл ретте аталған ком­­паниялардың қоластында – инже­нерлік құрамы, менші­­­­г­інде – өндірістік және материалдық ба­­­засы жоқ. Мұндай ком­­паниялардың на­­рыққа шығуы мем­ле­кет үшін де қа­­­­­­­­­­уіп-қатер туғызады. Өйт­кені адамдар­­­­­­дың қауіп­­­­сіздігі мен денсау­лы­ғы­­на қауіп төндіреді, экономикаға нұқ­­сан келтіреді. Мұндай компаниялар тиіс­­ті ресурстары болмаған соң, өзіне тап­­сырылған жобаны сапалы жүзеге асы­­­ра алмайды», – деді Құрылыс ми­нистр­­лігінің мамандары.

Сондықтан оған тыйым салу үшін салалық заңнамаға өзгерістер мен то­­­­лық­­­­тырулар енгізілмек.

Салада мемлекеттік мықты бақылау болмағандықтан, нарық қатысушылары да бетімен кетті. Министрліктің дерегін­­­­ше, қазіргі кезде Қазақстанда құрылыс компанияларына 99 мыңнан астам ли­цензия берілген, оның ішінде 70 364 ли­цен­зия «жарамды, қолданыста» мәрте­­­­бесіне ие. 

Соңғы онжылдықтарда Қазақ­­­­стан­дағы құрылыс саласы көптеген сынға себепкер болды. Бұған Президенттің өзі көңілтол­­­мастық білдірді. Сол себепті де Мемлекет басшысы атауының өзі осы са­лаға арнал­ған бөлек министрлік құрды. 

2023 жылдың 4 қыркүйегінде осы ми­нистрліктің тізгінін ұстаған, оған дейін шетелде, еуропалық түрлі құры­лымдарға басшылық еткен Қазақ­­­стан­ның жаңа азаматы Қанат Шарла­­­паев­тан салаға жаңа леп әкеліп, тың тәртіп ор­нату күтіліп отыр. Сарапшы­­­лардың бай­ламынша, оның команда­сынан құрылыс саласын реттеу тетіктерін толы­ғымен дерлік қайта құрып шығу талап етіледі. Өйткені бұрын­ғы билік тұсында Үкімет­ке сөзін өткізе алған құрылыс олигарх­тары саладағы ойын ере­желерін, реттеу тетіктерін өздері­не ыңғайлы етіп түзіп алған. 

Салдарынан саланы әбден былық жайлады. 

– Құрылыс жұмыстарының сапасын анықтау үшін цифрлық құралдарды бел­сенді әрі кең көлемде енгізу қажет. Не­гізгі құрылыс компаниялары тұрғын үй, мек­теп, аурухана, жол және басқа да әлеу­меттік мәні бар маңызды нысандар салу үшін мемлекет қаржысын молынан игеру­­­­де. Бірақ ашығын айтайық, олар­дың са­­­пасы көбінесе көңілге қонбайды. Күмән туғызады. Бұл жағдай азаматтар­дың нара­­­­зылығына соқтырады. Сондық­тан Үкімет осы мәселеге баса мән беріп, цифрлық құралдарды қолдануы тиіс, – деді Мемле­­­кет басшысы Қ.Тоқаев Digital Bridge халықаралық технологиялық фо­румын­дағы сөзінде.

 

«Қуыс» қомпаниялардан қайтсек, құтыламыз?

Министрлік мамандары елдегі құры­лыс сапасының құлдырауының бірнеше себебін атады: біріншіден, реттеуші орган­­дар тарапынан тиісті бақылау жоқ, олар бұрынғы көптеген құзырларынан айырыл­ды. Мысалы, жаңадан іске қосы­латын нысандарды қабылдап алмайды. Құрылыс ком­­­паниялары өз бетінше пай­далануға береді. 

Екіншіден, құрылыс компа­ниялары­­­­ның жосықсыз әрекеттері құры­лыс сапа­­­­сына соққы болды. Олар құры­лыста сапа­сыз материалдарды пайда­­­­­­ла­­­ну­­дан ар­­ланбайды. 

Үшіншіден, саланы жобалау тех­­­ноло­гияларынан ауытқу жаппай жайлады. Төртіншіден, компаниялар ескірген жә­не жетілмеген техниканы қолданады. Бе­сін­шіден, құрылыс мамандықтары са­­­­­­ла­­­сындағы білікті жұмысшылар тапшы. 

Бұған саланың бақылаусыз кетуі қо­сылып отыр. 

Сондықтан мемлекет сәулет, қала құ­рылысы және құрылыс қызметі сала­сын­дағы барлық маманның біліктілігіне қойы­­латын талаптарды арттыруы қажет. Мұның сыртында, құрылыс саласының рұқсат беру жүйесін қайта ұйымдастыру үшін жүйелі шаралар қолға алынуы керек. 

Ал сөз болып отырған құрылыс ком­панияларының «қара базарының» қыз­ме­­тіне келсек, министрлік оның жұмы­сын тыю үшін Қазақстан лицензиардың ті­­­­­зілім-реестріне көшуі, бизнес-про­цес­терді автоматтандыруы шарт деген бай­ламға келді. Бұл жерде реестрдің маңы­­­­­­зы артуы керек. Онда тұру – мәрте­­бе, ал одан шығып қалу – абыройсыздық болуы тиіс. 

Мәселен, дамыған елдерде құрылыс компаниялары тендерге қатысу, немесе өз беделін дәлелдеу үшін түрлі құжаттар­­ды жинап жүрмейді. Тиісті тізілімде тұрса және қызметін тұрақты, белсенді жүзеге асырса, жеткілікті. 

Яғни, министрлік мемлекеттік орган­дар арқылы лицензиялау мен аккредит­теудің ағымдағы тетігінен бас тартып, ли­цензиардың бірыңғай тізілімін құру ар­­қылы бизнес-процесті автоматтанды­руға көшуді ұсынып отыр. Бұл ақпарат­тық жүйеде әрбір компанияның талап­тар­ға сәйкестігі онлайн, нақты уақыт режимінде паш етіледі.

Министрлік мамандарының пікірін­ше, бұл – нарықты құрылысқа тиісті рұқ­­­­­­­­саттары бар, бірақ біліктілігі мен тә­жіри­­бесі жоқ адал емес ұйымдардан та­зар­туға мүмкіндік береді. Компания­­лардың бей­бе­рекет саудасына тосқауыл қояды. На­рықты тәртіпке келтіреді. Бар­лық қаты­­сушының жауапкершілігін, құрылыс са­­пасын арттыратын көрінеді.

Елдос Сенбай