Құрбысының құжатын ұрлаған алаяқ 30-дан астам онлайн несие рәсімдеген (видео)
Құрбысының құжатын ұрлаған алаяқ 30-дан астам онлайн несие рәсімдеген (видео)
Фото: Интернеттен алынды
227
оқылды
Қостанай тұрғыны құрбысының құжаттарын ұрлап, оның атына 30-дан астам онлайн несие рәсімдеген, – деп хабарлайды AstanaTV. Тексеру барысында алаяқтың кім екені анықталды. «Контрофакт» жедел алдын алу шарасы барысында 35 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Күдікті жасырын ақпарат алу мақсатында қолданылатын арнайы техникалық құралдарды заңсыз саудаға салған.   https://youtu.be/Xl4g6bV_QCA Қостанай облыстық Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің басшысы Сәбит Ибрайымов:  «Қазіргі уақытта ҚР ҚК 399 бабымен ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану көзделген сотқа дейінгі тергеу әрекеті жүргізілуде. Қазіргі уақытта сағат арнайы техникалық құралдарды тану үшін сараптамаға жіберілді. Жыл басынан бері интернет арқылы жасалған 135 алаяқтық факті тіркелген.12 қылмыстық құқықбұзушылық анықталып, 9 адам ұсталды. Алаяқтар түрлі жолмен аймақ тұрғындарын арбайды. Арасында жақын таныстарының жеке куәлігін жымқырып, онлайн несие рәсімдегендер бар», – деді.