Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезіне қатысып жатыр.
Буллингке біржола тосқауыл қою қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев
1,051
оқылды

Мемлекет басшысы оқушылардың бір-біріне әлімжеттік, зорлық көрсетуі тыйылмай отырғанына тоқталып, балаларға қатысты буллингтің алдын алу маңызды екенін айтты. 

«Буллинг балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына және олардың жан дүниесіне орны толмас зиянын тигізеді. Сондай-ақ оқу үдерісіне кері әсер етеді. Балалардың әлеуметтік ортадан шеттеп қалуына, ой-санасының бұзылуына әкеп соқтырады.

Мемлекет баланың құқығы мен қауіпсіздігінің қорғалуын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ буллингке біржола тосқауыл қоюы қажет», – деді Президент өз сөзінде.