Күдікті қылмыстық топтардың 72 мүшесі тергеуге алынды.
Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 мүшесі ұсталды – ҰҚК
9,156
оқылды

5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізді. Бұл туралы Aikyn.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, операция барысында қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі тергеуге алынды.

Топтар өз әрекеттерін Қытаймен («Қорғас» ХШЫО), Өзбекстанмен («Жібек жолы» өткізу пункті) және Қырғызстанмен («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекаралас учаскелерде жүзеге асырған.

Тінту барысында атыс қаруы оқ-дәрілерімен, ірі ақша қаражаттары, есірткі, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.