«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты.
«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің прокат мерзімі ұзартылды
979
оқылды
«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің прокат мерзімі ұзартылды. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсебайқызы хабарлады. 
 
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты. «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі өткен жылы Корпорацияның толықтай мемлекеттік тапсырыс негізінде түсірілген 6 сериялы телехикаядан дайындаған кинотуындысы. Келісімшартқа сәйкес фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қалалардағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта жүрді. Бұдан бұрын бір рет сұранысқа сәйкес көрсетілім 4 күнге ұзартылған еді", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
 
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы "Міржақып. Оян, Қазақ!" фильмін прокаттан алып тастау себебін түсіндірген болатын.
 
фото: qazaqstan.tv