Инвестиция тарту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір әкімдерінің алдына қойған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Өңірдің  экономикасында өсім бар
450
оқылды

Президенттің 1 қыркүйектегі «Әділетті Қа­зақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жол­дауында жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша бірқатар нақ­ты тапсырмалар берген болатын. Тарқатып айтсақ, ауқым­ды мәселелердің барлығы еліміздің экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталған.

Осы тұрғыда айтсақ, бүгінде Түр­кістан облысында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының басшылы­ғы­мен аймақта ауқымды жұмыс атқарылуда.

Мәселен, жыл басынан бері облыста экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері 2 па­йызға өскен. Бұл туралы облыс әкім­дігінің баспасөз қызметі ха­бар­лады.

Тарқатып айтар болсақ, өнер­кәсіп өнімінің көлемі 519 млрд тең­геден асып, 4,5 пайызға артты. Бұл өсімдер негізінен өңдеу өнер­кәсібі (231,1 млрд теңге немесе 106,8 пайыз), электр энергиясын өндіру (39 млрд теңге немесе 33,3 пайызға), суды жинау, өңдеу және таратудың (5,7 млрд теңге немесе 100,4 пайыз есебінен қалыптасты. Дегенмен бұл көрсеткіштер әлем­дегі күрделі геосаяси жағдайға да қарамастан оң серпінді сақтап отыр. 

Бүгінде Түркістан облысында бірыңғай индустрияландыру кар­тасына 437 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілді. Бұл жобалар 2025 жылдың соңына дейін толығымен іске асырылмақ. Жоба аясында 3 мың 305 жаңа жұ­мыс орны құрылады деген жос­пар тұр. Жақсы жетістіктің бірін атар болсақ, құны 2,5 млрд теңгені құ­рай­тын, 100 жаңа жұмыс орны бар ZHANASSYL ЖШС мақта талшы­ғын өңдеу зауыты жүзеге асты.

Экономиканың өсуіне үлкен үлес қосатын саланың бірі ол ин­вес­тиция деп айтуға болады. Бұл ба­ғытта облыста бірқатар жақсы өзгерістер бар.

Бүгінде өңдеу өнеркәсібінде инвестиция сомасы 6 млрд теңгеге 272 жұмыс орнын қамтитын 12 жоба іске асырылды. Жыл соңына дейін тағы 26 млрд теңгеге 20 астам жобаның жүзеге асырылуы жос­парлануда (6 жоба іске асырылды, 5,4 млрд теңге, 215 жұмыс орны). Нә­­ти­жесінде, 540 жаңа жұмыс орны құрылады.

Айта кету керек, 2022 жылдың қорытындысымен жалпы құны 28,9 млрд теңгеге 1 172 жұмыс орнын ашумен 23 инвестициялық жоба іске қосылды. 

Жалпы, 2022–2026 жылдар ара­лығында жалпы құны 1,9 трлн теңгеге 9 596 жұмыс орнын құрай­тын 71 инвестициялық жобалар­дың пулы қалыптастырылған. Тар­қатар болсақ, 2022 жылға 29,9 млрд теңгеге 25 жоба, 2023 жылға 260,3 млрд теңгеге 28 жоба, 2024 жылға 186,9 млрд теңгеге 8 жоба, 2025 жылға 396,6 млрд теңгеге 6 жоба, және 2026 жылға 901,7 млрд теңгеге 4 жоба іске қосу жоспар­лануда.

Жоғарыда аталған барлық ин­вес­тициялық жобалардың жүзе­ге асырылуы қатаң бақылауда және сүйемелдеу жұмыстары тұ­рақ­ты түрде жүргізілуде.

 

Тельман БЕЙСЕН,

Түркістан облысы