Алматы облыстық прокуратура қызметкерлерінің қатаң шешім қабылдауына алимент төлемеген әкелердің былтырғы берешегі 300 млн теңгеге жетуі себеп болған, – деп жазады 24.kz.
Былтыр алименттің тек 3/1 бөлігі ғана өндірілген.
Облыс прокурорының аға көмекшісі Данияр Мұхияевтың айтуынша, алиментті көбісі жұмыссыздықтан төлемейді.
«Алимент төлемеушілерге қатысты әкімшілік қамау да қолданылып жатыр. Өткен жылы 29 адам осындай әкімшілік жауапкершілікке қолданылды. Осы жылы қасақана алимент төлемеушілерге қатысты 19 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, екеуіне қатысты сот шешімі шықты. Алимент бойынша 10 млн теңге берешек қайтарылды», – деді ол.
Оның айтуынша, алимент төлемеудің басты себебі – жұмыссыздық. Сондықтан прокуратура қызметкерлері жергілікті билік өкілдерімен бірлесе, борышкерді еңбекпен қамтуды қолға алды. Өткен жылы 185 адам тұрақты табысы бар жұмысқа орналасып, балалар алдындағы берешегін өтей бастаған.