Бұл туралы "Талибан" қозғалысының Уақытша Үкіметі жанындағы Апаттар министрлігінің өкілі Мулла Жанан Саик мәлімдеді.
Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты
926
оқылды

Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан 2053-тен астам адам қаза тауып, шамамен 9240 адам жарақат алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, ең көп зардап шеккен аудандарға Зиндека ауданының 13 ауылы жатады. Жер сілкінісі салдарынан 1320 үй қираған.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, Гератта жер сілкінісі 7 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 шамасында 8 минуттық интервалмен болған. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 4,6-дан 6,3 баллға дейін болды.

Фото: cdnuploads.aa.com.tr