Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жыл соңына қарай әлемде тұмаудың 4 түрлі штамы таралуы мүмкін екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жаңа штамдардың ішінде шошқа, гонконг тұмауы сияқты түрлері кездеседі. Сарапшылардың мәліметінше, олар негізінен пневмонияға ұқсас болып келеді және ұзақ әрі ауыр өтеді. Ресми деректерге сәйкес, жыл сайын әлемде маусымдық тұмаудан 650 мың адам ажал құшады.
"Коронавирус қайта келмесе дейміз. Алайда ДДСҰ-ға күн сайын түрлі қатерлі вирус туралы ақпарат түсіп жатады. Бұл қоздырғыштардан төнетін қауіп жоғары. Сол себепті барша адамзатқа үнемі тазалық сақтап, қорғанып жүруге кеңес береміз", - деді ДДСҰ өкілі Дэвид Набарро.