Израильдегі жағдайдың күрделенуіне байланысты сонда жүрген 124 қазақстандық арнайы репатриациялық рейспен елге қайтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әуе кемесі Тель-Авивтен Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те ұшып шыққан. Ұшақ Ақтау арқылы Алматыға ұшып келді.
Фото: zakon.kz
Бортта барлығы 166 жолаушы болған. Оның 124-і ҚР азаматы, қалғаны – шетелдік.
Фото: zakon.kz
Елге оралғандарды туған-туыстары, жақындары, достары және БАҚ өкілдері қарсы алды.
Фото: nur.kz