Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға жеткен бойда бірден жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
ТЖМ құтқарушылары түнгі уақытқа қарамастан іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті.
Қазақстандық құтқарушылардың жұмыс аумағы — Герат қаласынан 25-30 км қашықтықтағы Наиброфи жері.
Биліктің айтуынша, бұл учаске ең қиыны саналады. Себебі, осы маңда хабар-ошарсыз кеткендердің саны көп.
Герат билігі құтқарушыларға жеделдігі үшін алғыс айтып, тәулік бойы жұмыс істеуге ниет білдіргеніне таңғалды.