«Шикі азық-түлік пайдаланбау керек» – коронавирустан қорғану әдісі
«Шикі азық-түлік пайдаланбау керек» – коронавирустан қорғану әдісі
Фото: Интернеттен алынды
309
оқылды
Медициналық масканы тағу ауруға шалдыққан адам мен дәрігерге ғана керек, – деп жазады «Қазақпарат». Коронавирустың алдын алу туралы жиында Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор Динагүл Баешова сақтық шаралары туралы айтты. «ДДСҰ және коронавирус бойынша жұмыс істейтін ұйымдар бұл дертен қорғанудың ең басты амалы маска тағу емес екенін айтады. Себебі, бұл ауада ұшып жұғатын ауру емес. Ең бастысы, жеке бас гигиенасын дұрыс сақтау керек», – деді ол. Оның айтуынша, медициналық маска ауру адам түшкірген кезде сілекейін шашпауы үшін және науқастармен жұмыс істейтін медициналық қызметкерлерге ғана керек.
«Бұл жағдайда қасыңда тұрған адамнан өзіңді кем дегенде екі метр алыс ұстауың керек. Егер ауырған адамға өте жақын тұрсаңыз, сізді медициналық маска құтқармайды. Оны коронавирус инфекциясын алдын алу үшін қолдануға болады. Оңтүстік Кореяда дүкенде кезекте тұрған адамдар медициналық маска таққанымен, бір-біріне өте жақын орналасқан. Өздеріңіз көріп отырғандай, соның салдарынан ауырғандар саны күрт өсіп келеді. Вирус жақын байланыс болған кезде жұғажы. Жасанды дүрлігу жағдайын тудырудың қажеті жоқ», – дейді ол.
Сондай-ақ, профессор коронавирустан сақтану жолдарын айтты. «Коронавирус 60-70 ыстық температура жағдайында бірден өліп қалады, сол себепті шикі азық-түлік тұтынбаңыздар. Алдымен ыстық сумен жуып алу керек. Қолды жиі жуу қажет», – дейді ол.