Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Отандастар» форумына қатысушы­ларға үндеу жолдады.
Қандастармен  қарым-қатынас дами түседі
488
оқылды

Президент жиынға қатысушыларды «Отан­дастар» форумының ашылуымен құттықтады.  

– Бұл – халқымыз үшін айрықша мәні бар бас­қосу. Қазақта «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген сөз бар. Ата-бабамыз қашанда елдік мәселе­лерді алқалы жиында ақылдасып шешкен. Осы орай­да шетелдегі қазақтармен жан-жақты байла­ныс­ты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және басқа да өзекті мәселелерді өз­деріңізбен бірге тал­қы­лаудың маңызы зор. Қай мемлекетті мекен етсе де, қазақтың бір ғана тарихи Отаны бар, ол – Қазақстан. Сондықтан біз шетелде тұратын бауыр­­ла­рымызды қолдауға қашанда баса мән береміз. Олардың Атажұртқа қоныс аударуына барлық жағдай жасалған. Қазақстан азаматтығын және қандас мәртебесін алу тәртібі жеңілдетілді. Ше­телдегі қазақ кәсіпкерлері үшін «Ата жолы» кар­тасы енгізілді. Басқа да маңызды жұмыстар атқарылуда. Қандастармен қарым-қатынасты дамыта түсуге бағытталған осындай шаралар жалғаса береді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға әлемнің әр түк­пірінен арнайы келген қандастарымыз бен мәртебелі меймандарға алғыс айтып, аталған басқосуда алыс­тағы ағайынмен байланысты ны­ғайтуға септігін тигізетін салиқалы ой, салмақты пікірлер айтылаты­нына сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жиын қатысу­шыларына зор денсаулық, бақ-береке тіледі.