Сот сараптамалары тағайындалды.
Шу ауданында қарақұйрықтарды атқан тұрғындар ұсталды
970
оқылды

Шу ауданының тұрғындары Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды атып өлтірген, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде ауданның Шоқпар ауылына қарасты Бел стансасы маңында сирек кездесетін жануарларды атқан азаматтарды ұстады.

Олар 49, 50 және 61 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Күдіктілер Қызыл кітапқа енгізілген, аулауға тыйым салынған қарақұйрықтарды атыс қаруымен атқан. Олардың Mitsubishi Pajero автокөлігін тінту барысында үш бірлік аңшы қаруы, 70 оқ және көліктің жүксалғышынан бес қарақұйрықтың денесі, жарық шамы табылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.

 

Фото: polisia.kz